Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тарихта таңбаланған Әулиеата тұлғалары» атты көрме ашылды. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығы көне Тараздан түлеген тұлғалар мерейтойына орай ұйымдастырылған көрме «Музей tour: Экспонаттар экспедициясы» музейлік жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Экспозицияда Әулиеата топырағында туып, мемлекет тарихы мен ұлт руханиятында өшпес із қалдырған қайраткерлердің жеке заттары, сирек фотосуреттері, кітаптары мен қолжазбалары бар. Кең залға кіргеннен әйгілі Бауыржан Момышұлына, Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке арналған бұрыштар, солар тұтынған заттар көзге түседі. Бауыржан батырға арналған мүйісте тек Жуалы ауданының өзінен әскер, авиация, ішкі істер саласында қызмет еткен 13 генерал шыққаны туралы дерек жарияланыпты.
Құнды жәдігерлер қатарында қазақ театрының сахнасы мен киноөнерінде өшпестей із қалдырған Асанәлі Әшімовтің жеке заттары да бар. Әйгілі актердің «Қыз Жібек» фильмінде киген сауыты мен дулығасы, ұстаған қылышы көрмеге келгендердің қызығушылығын тудырып тұр. Театрда қойылған спектальдегі әр рөл туралы жазылған бірнеше қойын дәптер өнер саңлағының көрермен алдындағы жауапкершілікті терең сезінгендігін аңғартады.
Ықылас Дүкенұлының қобызы мен әйгілі халық ақыны Кененнің домбырасы мен шапаны, екі мәрте Социаистік Еңбек ері Жазылбек Қуанышбаевтың қамшысы қойылған бұрышқа да аялдаушылар қатары аз емес. Бұл көрме аз күннен кейін Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы Руханият орталықтарына жол тартады.
«Алда Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров, Нұрмолда Алдабергенов музейлерін күтіп отырмыз. Жалпы, «Музей tour: Экспонаттар экспедициясы» аясында биыл облыста Батыс Қазақстан, Ұлытау, Түркістан облыстары мен Шымкент қалалық музейлер бірлестігі, Ордабасыдағы «Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі» көрмелері ұйымдастырылады», дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық-көпшілік бөлімі меңгерушісі Эльзира Сағитжанова.
ҚЫЗЫЛОРДА
Соңғы жаңалықтар
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55
Энеолит дәуірінен жеткен қазына
Жәдігер • Бүгін, 07:50
Музей • Бүгін, 07:45
Өнер • Бүгін, 07:40
382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35
Олимпиада-2026: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді
Олимпиада • Бүгін, 03:05
Америкалық Mars компаниясы Қазақстанда үй жануарларына азық өндіретін зауыт салады
Президент • Бүгін, 02:35
Мемлекет басшысы Ashmore Group басшысымен бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады
Президент • Бүгін, 02:15
АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі
Президент • Бүгін, 01:56
Қазақстан мен АҚШ корпорациясы бірлескен инфрақұрылым жобаларын талқылады
Президент • Бүгін, 01:45
Алматы облысында десантшылардың кешенді дайындығы өтті
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Мемлекет басшысы: Қазақстан Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын
Президент • Кеше
Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі
Президент • Кеше
Ақмола облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын сотталды
Оқиға • Кеше