Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: istockphoto.com
Прокурор Стефан Тибоның айтуынша, шабуылдың мақсаты кәсіпкер Вадим Ермолаев пен оның отбасы болған. Сондықтан бұл оқиға террорлық акт ретінде емес, нақты адамдарға қарсы жасалған қастандық ретінде қарастырылып отыр.
Тергеу мәліметінше, бейнебақылау камералары күдіктінің жәбірленушілерді күтіп, тұрғын үйдің маңында бірнеше рет жүргенін тіркеген.
Қатардағы зауытта жарылыс болды: 18 адам із-түзсіз жоғалып кеткен
Алдын ала болжам бойынша, шабуылдаушы жалғыз әрекет еткен. Жарылыстан кейін ол жаяу Францияның Босолей қаласына өтіп кеткен. Қазір оған іздеу жарияланған.
Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті.
Бизнесменнің серігі ауыр жағдайда Ницца қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, аяқтарынан ауыр жарақат алған әйелге ампутация жасалған. Вадим Ермолаев күйік жарақатын алған. Дәрігерлердің мәліметінше, оның және ұлының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Украинаның Сыртқы істер министрлігі Франциядағы елшілік зардап шеккендерге консулдық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, Вадим Ермолаев Украинаның Днепр қаласынан шыққан ірі құрылыс салушы, Alef компаниялар тобының негізін қалаушы. Бұған дейін ол Украина азаматтығынан бас тартып, Кипр азаматтығын алған.
Айта кетейік, оқиға болған алғашқы сағаттарда Ницца қаласының мэрі мен бірқатар әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарылысты теракт деп бағалаған еді.