Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фестивальге мейрамхана және азық-түлік индустриясының 30-дан астам кәсіпорны қатысып жатыр.
Фото: МонцамэКелушілерге моңғолдың ұлттық тағамдарымен қатар әлемнің 18 елінің ас мәзірі ұсынылған.
Олардың қатарында қытай, жапон, корей, тай, үнді, грузин, итальян және басқа да асханалар бар.
Фото: МонцамэБағдарлама аясында танымал бас аспаздардың шеберлік сабақтары, түрлі фирмалық тағамдар, жанды музыка, өнер көрсетілімдері, сондай-ақ конкурстар мен гастрономиялық жарыстар ұйымдастырылған.
Айта кетейік, фестиваль 26 сәуірге дейін жалғасады.
Осыдан бұрын 2025 жылы Моңғолияға 847 200 турист келіп, туризмнен елге 700 миллион доллар табыс түскенін жазғанбыз.