Моңғолия Президенті: Су ресурстарына қатысты Қазақстан бастамаларын қолдаймыз

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

- Бірқатар елде ауыз судың тапшылығы мәселесі болуы мүмкін. Сондықтан бұл бағытта бірлескен іс-шаралар маңызды. Климаттың өзгеруіне қатысты теріс салдарды азайту, таулы аймақтардағы экожүйені қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау, табиғи апаттар тәуекелін азайту біздің өңір үшін маңызды тақырып. Бұл тұрғыда жаһандық экологиялық теңгерімді сақтауға ерекше назар аударған жөн. Осы орайда БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында осы бағыттар бойынша қабылданған бастамаларды қолдаймыз, - деді Ухнаагийн Хурэлсух.

Оның айтуынша, экология мен табиғатты қорғауға қатысты өңірлік бастамалар ерекше маңызда. Себебі бұл қадамдар орнықты даму мақсаттарына жетуге елеулі үлес қосып келеді.

- Кейінгі жылдары климаттың өзгеруі салдарынан су ресурстарына қол жеткізу мен оларды тұрақты басқару мәселесі тек Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар барша әлемде өзекті. Бұл тұрғыда су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалануда көшбасшылық танытқан Қазақстан мемлекетіне алғысымызды айтамыз. Мұнымен қоса, Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың назарын аудара отырып, су ресурстарын басқару бағытында халықаралық ынтымақтыстықта елеулі нәтижені көрсетті, - деді ол

Бұдан бөлек, Моңғолия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру ұсынысын қолдайтынын атап өтті. 

- Моңғолия осы бастамаларды ілгерілетуге белсенді қатысады, - деп нақтылады Ухнаагийн Хурэлсух.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбымен Өңірлік экологиялық саммит (ӨЭС) жұмысын бастады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью