Моңғолиядағы қазақ жастарына Қазақстанда білім алу мүмкіндіктері таныстырылды

29.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – этникалық қазақ жастарына атажұрттағы жаңа мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары, соның ішінде «Қандас» мәртебесін алу және бейімделу мәселелері туралы жан-жақты ақпарат беру болған. 

Жиын барысында «Отандастар қоры» КЕАҚ баспасөз хатшысы Алжан Шарипов ұйымның шетелдегі қазақ диаспорасымен байланысты нығайтуға бағытталған стратегиялық жобаларын таныстырса, білім бағытына жауапты маман Талғат Кенжебекұлы мемлекеттік білім гранттары мен арнайы шәкіртақылардың бөліну тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірген.

Қазақстанда жоғары білім алып, бүгінде табысты еңбек етіп жүрген Моңғолия тумасы Өміртай Болатбек өз тәжірибесін бөлісіп, жастарға кеңес айтқан. 

Сапар аясында жергілікті Музыкалық драма театрында «Қазақстандық білім күндері» атты ауқымды көрме ұйымдастырылды.

– Бұл көрме – жастарымыз үшін үлкен мүмкіндік. Сапалы білім алып, атажұртпен байланысты нығайту – біздің басты басымдығымыз, - дейді Баян-Өлгий аймағының әкімі Заңғар Есентайұлы. 

Фото: Отандастар қоры

Көрмеге Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Astana IT University, Astana International University, Esil University, М.Тынышпаев атындағы ALT University, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті және Болашақ академиясының өкілдері қатысты. Әр университет өкілі талапкерлерге оқу бағдарламалары, жатақханамен қамту және халықаралық түлек алмасу жобалары туралы толық мәлімет берді. 

«Отандастар қорының» маманы Талғат Кенжеханұлының сөзінше, жыл сайын Қазақстан ұсынатын гранттар мен жеңілдіктерге қызығушылық танытатын жастардың саны артып келеді. 
Көрме аясында оқушылар мен ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, білім беру жүйесін оңтайландыру мен құжаттарды қабылдау үдерісін жеңілдету бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Бұған дейін Моңғолиядағы қазақтар Наурыз мейрамын қалай тойлайтынын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью