Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты

21.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер жүргізді. Келіссөз барысында көлік-тасымал саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында Қазақтан мен Моңғолия арасында төте жол салу туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өтті. 

«Жол екі ел арасындағы өзара байланыс көзі, тығыз қарым-қатынас кепілі екені белгілі. Біз бұл мәселенің аса өзекті екенін жақсы түсініп отырмыз. Сондықтан Хурэлсух мырза екеуіміз Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол ашуға мүдделі екенімізді растадық. Кездесу барысында елдерімізді жалғайтын автокөлік жолын салу жөнінде ортақ келісімге қол жеткіздік. Бұл – әрине, жан-жақты сараптап, мұқият зерделеуді қажет ететін күрделі мәселе. Десек те, ең бастысы, жол құрылысы бойынша мақсатымыз – бір. Сол себепті біз құрметті Президент мырзамен жасалған уағдаластыққа сәйкес алдымен бірлескен Үкіметаралық жұмыс тобын құру туралы шешімге келдік», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды

Сонымен бірге жаңа жол торабының салынуы көрші мемлекеттер арасындағы сауда айналымын арттырып, ортақ туристік класстерді дамытатындығын жеткізді. 

«Алдағы уақытта Қазақстан – Моңғолия автожолы елдеріміздің арасындағы сауда-саттықты арттыруға ерекше серпін беретіні анық. Бұл жолдың игілігін іргелес елдер де көретін болады. Баршаңызға мәлім, мен былтыр Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Саммитінде «Трансалтай сұхбат алаңын» құруды ұсындым. Алтайдың төрт жағын мекен еткен мемлекеттердің сауда, көлік-логистика, туризм, мәдениет саласындағы мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келуіне толық мүмкіндік бар. Осы ретте төрт елдің көлік-логистика әлеуетін бір арнаға тоғыстырып, бірлесе жұмыс істей аламыз. Бұл қадам алыс-берісті ғана емес, «Алтай» бірегей туристік кластерін дамытуға жол ашады», деді Президент.

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады

Келіссөз барысында әуе қатынасын жандандыру мәселесіне айрықша мән берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, кездесуде «Өскемен – Өлгей» бағыты бойынша әуе қатынасын орнату жөнінде келісім жасалған. 

«Қазір «Алматы – Ұлан-Батыр» бағытында тұрақты рейстер бар. Көп ұзамай «Астана – Ұлан-Батыр» әуе қатынасы қайта ашылады. Бұдан бөлек, біз осы сапар аясындағы келіссөздер нәтижесінде «Өскемен – Өлгей» бағыты бойынша әуе қатынасын орнату жөнінде нақты келісімге келдік. Бұл маңызды шешімнің арқасында ынтымақтастығымыз одан әрі нығайып, аймақаралық байланыстарымыз тың серпінмен дами түсері сөзсіз. Бұл тұста да Моңғолия елінің басшысы – құрметті Хурэлсух мырзаға және моңғол тарапынан осы мәселені шешуге атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын», деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады

Президент • Бүгін, 16:05

Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?

Мәселе • Бүгін, 16:00

Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді

Еңбек • Бүгін, 15:57

Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы

Саясат • Бүгін, 15:53

Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды

Президент • Бүгін, 15:33

Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді

Президент • Бүгін, 15:27

Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты

Елорда • Бүгін, 15:18

Екатеринбург – Астана рейсіндегі оқыс оқиға: Жолаушының әрекетіне құқықтық баға беріледі

Оқиға • Бүгін, 15:13

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58

Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады

Елорда • Бүгін, 14:49

Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды

Қазақстан • Бүгін, 14:44

Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады

Бюджет • Бүгін, 14:33

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті

Президент • Бүгін, 14:21

Шетелдіктер Назарбаев Университеті маңындағы пәтерде қару-жарақ жасырған: Полиция ақпаратты растамады

Оқиға • Бүгін, 14:10

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды

Медицина • Бүгін, 13:48

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью