Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстанда пайдалану мақсатына сәйкес келмейтін ғимараттарда орналасқан 163 жекеменшік мектеп анықталды. Мұндай мектептер мәселесі қалай шешілетінін оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов айтты, деп хабарлайды Tengri Education.

ОКҚ-дегі брифинг барысында Шарабасовқа тиісті сұрақ қойылды. Оның айтуынша, бұл нысандарға қатысты кейінге қалдыру нормасы енгізілген.
"Бүгінде бізде осындай 163 мектеп бар, олардың пайдалану мақсаты білім беру қызметіне сәйкес келмейді. Біз кейінге қалдыру нормасын қабылдадық, оған сәйкес 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ғимараттары падалану мақсатына сай келмейтін мектептерде жеке білім беру тапсырысы орналастырылмайды", - деді ол.
Шарабасов мұндай мектептер еліміздің түрлі өңірінде, соның ішінде Алматы, Астана, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарында орналасқанын нақтылады.
Осылайша, жұмыс істеп тұрған мектептер 2027 жылға дейін қызметін жалғастыра алады, одан кейін талаптарға сәйкес келмеген жағдайда олар үшін мемлекеттік қаржыландыру шектеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!