“Мүдделер қақтығысын көріп тұрған жоқпын“ ҚТЖ басшысы туыстарының бизнесі туралы сұраққа жауап берді

16.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов туыстарының қызметіне қатысты мүдделер қақтығысы туындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкіметте өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов туыстарының қызметіне қатысты мүдделер қақтығысы туындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкіметте өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Брифинг барысында журналистер ұлттық компания басшысының туыстарының теміржол және логистика саласындағы кәсіпорындарға қатысы бар-жоғын сұрады.

Атап айтқанда, журналист Алдыбергеновтің жұбайы иелік ететін компанияларды атап өтті, сондай-ақ оның ұлы бұған дейін теміржол холдингінің еншілес ұйымының филиалын басқарғанын, ал ағасы да осы салада жұмыс істегенін тілге тиек етті. ҚТЖ басшысынан бұл компаниялардың табысы декларацияланған ба және Алдыбергеновтің лауазымын ескергенде мүдделер қақтығысы туындамай ма деп сұрады.

"Біріншіден, мен құрылтайшысы саналатын компания "Қазақстан темір жолымен" де, мемлекеттік органдармен де жұмыс істемейді. Бұл - бірінші мәселе. Ал қалған компанияларға келетін болсақ, еш жерде мүдделер қақтығысы жоқ. Барлығы заң аясында декларацияланған", - деп жауап берді Талғат Алдыбергенов.

Бұған дейін дәл осы брифингте ҚТЖ басшысы жүк тасымалына маманданған "АСТАНАТРАНСЭКСПРЕСС" ЖШС-нің құрылтайшысы екенін растады. Оның айтуынша, компания басқаруға берілген, ал өзі оның қызметіне қатыспайды.

"Бүгінде компания "Қазақстан темір жолымен" де, мемлекетпен де ешқандай жұмыс істемейді. Сондықтан мүдделер қақтығысы жоқ. Барлығы тиісті тәртіппен ресімделген", - деді ол.

Журналистер компания жұмысын жалғастырып жатыр ма және оның құрылтайшысы табыс ала ма деген сауалды нақтылады.

"Мен оны басқармаймын. Табысы және басқа да мәселелермен айналысатын басқарушы компания бар", - деп жауап берді Алдыбергенов.

Мүдделер қақтығысы туралы қайталанған сұраққа жауап бере отырып, Алдыбергенов отбасы мүшелері ұлттық компанияда жұмыс істемейтінін баса айтты.

"Менің туыстарым ҚТЖ-да жұмыс істемейді. Балаларым да, жұбайым да істемейді, сондықтан мүдделер қақтығысын көріп тұрған жоқпын", - деп түйіндеді ол.

Мән-жайы

Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы басшылығына 2025 жылғы 3 шілдеде келді. Тағайындалғанға дейін ол ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін Алдыбергенов көлік, логистика және өнеркәсіп компанияларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью