Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Шымкентте педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара аясында педагог мәртебесі бар мамандарға бос жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ мұғалімдерге конкурсқа қатысудың рәсімі түсіндіріліп, құжаттарды электронды платформаға жүктеу бойынша кеңес берілді.
Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Дәрібаеваның айтуынша, бос жұмыс орындары бірыңғай «Қарқын» жобасының бір бағыты «Сана» платформасының көмегімен анықталды.
«Бұл электронды тұғырнаманы 2025 жылдың қыркүйегінен бастап іске асырып келеміз. Платформа арқылы сынып қалыптасып, әр пәннен қанша сағат бар екені белгілі болады. Сол сағаттар кейін мұғалімдерге үлестіріледі. Платформамен сағаттарды бөлу барысында көптеген олқылық анықталды. Яғни мұғалімдер 56 сағатпен жұмыс істеп келген. Тіпті 16 сағаттан екі мектепте сабақ берген. Заң бойынша мұғалім 1 жүктемемен ол 16 сағат немесе әрі кетсе 1.5 жүктемемен, яғни 24 сағатқа дейін ғана жұмыс істей алады. Осы артық сағаттардың бәрін жинақтап, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырдық. Артық жүктеме беріп, бос жұмыс орындарын жасырған – мектептің бірінші басшылары. Сондықтан жауапкершілік тікелей солардың мойнында. Осыған қатысты прокуратура кейбір директорларға тәртіптік жаза қолданған. Ал бүгінгі іс-шараға келсек, университетте JPI бойынша 3,8 балмен бітірген түлектер конкурссыз жұмысқа қабылданады», деді Г.Дәрібаева.
Сонымен бірге «Сана» бағдарламасымен 1166 бос жұмыс орны анықталған. Негізінен химия, биология, математика, бастауыш сыныптарға орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді. Конкурстың әділ, ашық өтуіне білім басқармасы кепілдік береді. Бүгінгі таңда мегаполисте 164 мемлекеттік, 138 жекеменшік мектеп жұмыс істейді.
Бұл мәселені арнайы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек те айтқан болатын. Оның мәлімдеуінше, педагогтерді негізсіз жұмыстан шығару бұдан кейін орын алмайды. Жұмыстан босаған маман мәселесімен тікелей өзі айналысатынына уәде берді. Керісінше, қала әкімдігі мектеп басшыларына тәлімгерлік бастаманы қолға алуды жүктеп отыр. Ол бойынша мектептер жаңадан қабылданған мамандарды білікті педагог дәрежесіне жеткенше жан-жақты қолдау көрсетеді. Сондай-ақ С.Құранбек қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің ұйғарымымен үздік 100 мұғалімге грант тағайындалғанын жеткізді. Ол грант «Сапалы білім» жобасының қорытындысы бойынша үздік атанған мұғалімдерге беріледі. Яғни олардың жалақысына үстеме ретінде 200 мың теңге қосылады. Мұндағы мақсат – білікті кадрлар арқылы білім сапасын жақсарту. С.Құранбектің айтуынша, Шымкентте сапалы білім беретін мектептер саны өте аз. Тіпті онға да жетпейді. Сондықтан білім беретін ұйымдардың да түрлі гранттар арқылы мәртебесін көтеру жоспарда бар. Сәрсен Абайұлының пікірінше, қалада мұғалімдер кадрына тапшылық жоқ. Себебі мегаполистегі педагог мамандығын даярлайтын жоғары оқу орындары, колледждер сұраныстың орнын толтырып отыр. Оған педагог болып жұмыс істеген шеттен келетін қандастарды қосыңыз. Дей тұрғанмен, ол мамандардың жұмысқа тұра алмауына бірінші кезекте бос жұмыс орындары конкурсын дер кезінде өткізбеген мектеп басшылығы кінәлі дейді. Оның үстіне жыл сайын қала әкімі өз тарапынан жоғары оқу орындарына 285 грант бөледі. Бүгінге дейін бірде-бір мектептен өздеріне қажетті мамандарға грант бөлу туралы ұсыныс келіп түспеген. С.Құранбек өз сөзінде жас педагогтерді көбірек жұмысқа тарту керектігін атап өтті. Өйткені оның ойынша жаңа технологияны жылдам меңгеретін жас кадрлар білім саласында өзара бәсекелестік туғызып, ұстаздар тәжірибесінің артуына үлес қоспақ. Сонымен бірге ол мегаполисте нақты қанша мұғалім мамандығына тапшылық барын бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен кейін белгілі болатынын мәлімдеді.
ШЫМКЕНТ
Соңғы жаңалықтар
Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
Өнер • Бүгін, 23:40
Президент • Бүгін, 23:26
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15
Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында
Саясат • Бүгін, 08:10
Қасым-Жомарт Тоқаев: Татуласу – мықтылықтың белгісі
Саясат • Бүгін, 08:05
Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді
Саясат • Бүгін, 08:00
Қоғам • Бүгін, 07:55
Өнер • Бүгін, 07:50
Жәдігер • Бүгін, 07:45
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40
Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді
Үкімет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
Президент • Кеше
Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады
Қоғам • Кеше