Мұғалімдер артық жүктемеден босатылады Тоқаев заңға қол қойды

12.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесіне қатысты өзгерістерге арналған заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң педагог мәртебесін барынша қорғауды көздейді. Ал өзгерістер мұғалімді артық жүктемеден босатып, кәсіби еркіндігін қамтамасыз етеді. Негізгі түзетулер:

педагогтердің білім алушылар алдындағы жауапкершілігін тек оқу процесі барысында айқындау;

қағаз және электронды формат қатар жүретін "цифрлы бюрократияға" тыйым салу;

баланың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігін де кеңейту.

Осыған байланысты заңда білім мен тәрбие тек мектептің емес, отбасы мен мемлекеттің ортақ міндеті ретінде нақты айқындалған.

Талантты мамандарды қолдау шаралары да қарастырылған. Атап айтқанда, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен түсе алады. Сондай-ақ педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша студенттерді қабылдау мен ауыстыру талаптары қатаңдатылып отыр.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарында ұялы құрылғыларды пайдаланудың бірыңғай қағидалары бекітілді. Бұл оқушылардың назарын білімге аударуға және кибербуллингтің алдын алуға септігін тигізеді.

Айта кетері, қазір әр мектеп әкімшілігі оқушылардың смартфонды қолдану тәртібін өз бетінше белгілейді. Заң бойынша тек сабақ кезінде тыйым салынады, ал үзіліс кезінде оқушылар телефон пайдалана алады. Егер телефон оқу процесі үшін қажет болса, мұғалімнің шешімімен қолдануға рұқсат бар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью