Мұғалімдер тәжірибесін бөлісті

08.10.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мұғалімнің уақыты, оқу бағ­­дарламасының мазмұны, оқу­лық сапасы, мектептің тех­никалық мүмкіндігі, ата-ана­мен байланыс және жаңа технологияларды қолдану деңгейі де білім сапасына тікелей әсер етеді. Бұл мәселелердің бар­лығы 5 қазанда Тараз қала­сындағы №30 мектеп-гим­на­зиясында өткен «Жақсы оқы­туға не көмектеседі, не ке­дергі?» атты дөңгелек үстелде ашық айтылды. Кездесуде пе­дагогтер жалпы пікірмен шек­телмей, өз тәжірибесінен нақ­ты мысалдар келтірді.

Жас маман Диас Жанабаев үшін сабақтағы жаңа мүмкіндіктердің бірі жасанды интеллектімен байланысты. №66 «Келешек» мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ChatGPT құралдарын сабаққа қосымша материал дайындау үшін ғана емес, оқушыға күрделі тақырыпты түсіндірудің жаңа тәсілдерін іздеу үшін қолданатынын айтты. Мәселен, ол ағылшын тіліндегі идио­маны түсіндіру үшін Smart cookie атты оқу кейіпкерін жа­сап, оның негізінде мультфильм, чек-лист, комикс және презентациялар әзірлеген. Мұндай тәсіл 3 және 5-сынып оқушыларына тақырыпты жеңіл әрі қызықты түсіндіруге мүмкіндік берген.

Цифрлық құралдарды пайдалану тәжірибесімен тарих пәнінің жас мұғалімі Мағжан Махаметжан да бөлісті. Оның айтуынша, мұғалімнің жаңа тәсілдерді меңгеруіне мектептегі жағдайдың да әсері бар.

№66 «Келешек» мектебінде әр кабинет интерактивті тақ­тамен, мұғалімдердің жеке ком­пьютері мен принтерімен жабдықталған. Бұған қоса, мектепте робототехника кабинеті, бейнестудия және коворкинг кеңістігі бар. Мұндай орта жас педагогке өз идеясын тәжірибеде сынауға мүмкіндік береді. Мағжан сабақ барысында жасанды интеллектіні тарих және құқық пәндерінде қолданатынын айтып, 1730 жылғы Аңырақай шайқасына арналған кинематографиялық сценарийді Google Flow платформасы арқылы әзірлегенін көрсетті. Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларына ар­­­­налған интернет қауіпсіздігі бойынша жұмыс дәптерін дайын­даған.

Жасанды интеллект пен заманауи құралдар бір мәселені көрсетсе, педагогтердің келесі ұсыныстары білім сапасына әсер ететін күнделікті жұмыс жағдайларына қатысты болды. Атап айтқанда, мұғалімнің уа­қыты, әдістемелік қолдауы жә­не оқу жүктемесі сөз болды.

Педагог Рахия Есеева мұға­лім­нің кәсіби дамуы тек оның жеке ізденісіне байланысты бол­­мауы керектігін айтты. Оның пікірінше, әдістемелік жұ­мысты ұйымдастыруға директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарымен қатар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, әдістемелік бірлестік жетекшілері, тәлімгерлер мен тәжірибелі ұстаздар да белсенді қатысуы қажет.

Ал қазақ тілі мен әдебиеті пә­нінің мұғалімі Қарлығаш Мыр­забекова білім сапасының тағ­ы бір маңызды қырына, оқушының ақпаратпен жұмыс іс­теу қабілетіне назар аударды. Оның айтуынша, бүгінгі оқушы бұрынғыдан әлдеқайда көп ақпаратпен жұмыс істейді. Сондықтан мектепте жай ғана мәтінді оқып шығу жеткіліксіз. Оқушы ақпаратты тауып, салыстырып, талдап, қо­рытынды жасап, өз пікірін дә­лелдей алуы керек.

Осылайша, бір алаңда айтылған пікірлер білім сапасына әсер ететін мәселелердің ау­қымы кең екенін көрсетті. Бір мұғалім үшін негізгі мәселе технологияға қолжетімділік болса, екіншісі үшін уақыт тап­шылығы, үшіншісі үшін оқу­шының мәтінді түсініп, тал­дай білуі маңызды. Бірақ олар­дың барлығын біріктіретін ортақ мәселе бар – мұғалімге сапалы жұмыс істеуге жағдай жасау.

«Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дәурен Каипов кездесуде айтылған ұсыныстардың назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

«Бүгін ұстаздар өз тәжірибесімен ғана бөлісіп қойған жоқ, білім беру саласындағы нақ­ты мәселелер мен оларды ше­шуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Бұл пікірлер на­зардан тыс қалмайды. Рес­публикалық алаңда көте­рілген мәселелер мен ұсыныс­тар жи­нақ­талып, тиісті деңгейде жоғары алаңдарға шығарылып, білім беру саласын жетілдіруге бағытталған жұмыстарда ес­керілетін болады», – деді «Әді­лет» партиясы Жамбыл облыс­тық филиалының төрағасы Дәурен Каипов.

«Ұстаз айтса» диалог алаңы­ның ерекшелігі де осында. Мұн­да білім беру саласы сырттан бағаланған жоқ. Ке­рі­сінше, мектептің күнделікті тынысын білетін педагогтердің өзіне сөз беріліп, олардың тәжірибе­сі мен ұсыныстары ортаға са­­­лынды.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью