Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
— Білім басқармаларының ақпараты бойынша елімізде 2025 жылы 277 педагог мемлекет тарапынан тегін тұрғын үймен (оның ішінде 185-і қалалық, 92-і ауылдық жерде), 184 педагог қызметтік тұрғын үймен қамтылды, ал 1025 педагог жатақханаларға орналастырылды, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Сонымен қатар, 212 педагогке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер телімдері үлестірілген.
— Тұрғын үйді жалға алуға 501 педагогке жағдай жасалған. Коммуналдық қызметтерге өтемақымен қамтылған (ауылдық жерлерде отынмен, сумен, көмірмен) педагогтер саны — 138 071 (оның ішінде 137 773 педагог ауылдық жерде, 298-і қалалық жерде), — деп нақтылады ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясында баспана құрылысы бойынша жоспар қалай орындалып жатқанын жазған едік.