Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
- Министрлік мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында барлық нысан мен қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Адам өмір сүретін орта, яғни өмірі мен қозғалысына қатысты барлық жағдай ыңғайлы әрі кедергісіз болуы керек. Жаңа қабылданған Құрылыс кодексінде бұл талаптар күшейтілді. Енді қолайлы орта барлық кезеңде: қаланы жоспарлау, жобалау, құрылыс барысында және нысанды пайдалануға беру кезінде қарастырылады. Осылайша, қолжетімділік талаптары жобалау кезеңінен бастап ескеріліп, құрылыс кезінде міндетті түрде сақталады. Бұдан бөлек, нысанды пайдалануға беру кезде әлеуметтік қорғау органдары қатысып, оның мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаншалықты ыңғайлы екенін тексереді, - деді Қ.Қажкенов.
Оның сөзіне қарағанда, салалық нормативтік құжаттарға қосымша талаптар енгізілді. Атап айтқанда:
- тұрғын үйді қайта жоспарлау тәртібі жеңілдетілді (көршілердің келісімі қажет емес);
- жобалық құжаттамада қолжетімділікке арналған бөлек бөлім қарастырылды;
- бюджет есебінен салынатын тұрғын үйлерде пәтерлердің кемінде 5% мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделіп салынуы қажет
- Сонымен қатар Үкімет тарапынан мүмкіндігі шектеулі адамдарды баспанамен қамтамасыз ету шаралары іске асырылып келеді. Қазірде баспана кезегінде I және II топтағы 63 мыңнан астам адам және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған шамамен 26 мың отбасы тұр, - деді вице-министр.
Аталған әлеуметтік топтың тұрғын үй мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдаудың бірқатар тетіктері қолданылады, оларға:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана беру;
2) жеңілдетілген ипотекалық қарыз беру;
3) жеке сектордан тұрғын үй жалға алу ақысының бір бөлігін субсидиялау;
4) ипотекалық қарыздар бойынша бастапқы жарнаны жабуға тұрғын үй сертификаттарын беру жатады.
- Өткен жылдың қорытындысы бойынша 7 893 адам аренделық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 1 036-сы – I және II топтағы мегедектігі бар адамдар, ал 469-ы – мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 810 мүгедектігі бар жан және 843 отбасы арендалық үй алды. Сондай–ақ, тұрғын үй реформасы аясында жалдамалы үйлерді жекешелендіруге рұқсат берілді. Соның нәтижесінде былтыр 4 386 мүмкіндігі шектеулі адам өздері тұрып жатқан коммуналдық үйді жеке меншікке алды, - деді ол.
Мұнымен қоса, кезекте тұрған азаматтар «Отбасы банк» арқылы 2 және 5 % жеңілдетілген ипотека ала алады. Былтыр осы бағдарлама арқылы 5 277 адам үй сатып алды. Оның ішінде 381 несие мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ал 424 несие осындай бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді. Осы жылы барлығы 12 736 жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттары беріледі. Өткен жылы 2 млрд теңгеге 1 733 сертификат берілді. Оның 334-ті I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, ал 261 сертификат мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді.
- Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кезекте тұрған азаматтардың жекелеген санаттары үшін тұрғын үй қорынан баспанагы жалға алуға төленетін ақының бір бөлігі субсидияланады. Қазір 10 344 отбасы осындай көмек алып отыр. Оның ішінде I және II топтағы мүгедектігі бар 870 адам және осындай бала тәрбиелеп отырған 698 отбасы субсидия алады, - деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндігі кеңейтіледі.