Мүгедектігі бар жандарға арба мен протездер жалға беріледі: Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?

21.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға арналған арбалар, протездер және өзге де техникалық оңалту құралдарын қайтарымды негізде, яғни жалдау арқылы беру жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі қолданыстағы жүйе құралдарды қайтарымсыз негізде беруге бағытталған. Алайда бұл тәсіл құралдардың нақты жағдайын, тозу деңгейін және жөндеу мүмкіндігін толық ескермейді.

Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады

Жаңа үлгі бойынша техникалық құралдар пайдалану мерзімі аяқталған соң немесе қажеттілік болмаған жағдайда кері қайтарылады. Одан кейін мынадай кезеңдерден өтеді:

Қайтарылған құралдардың жағдайы тексеріледі. Құралдар жөндеуге жіберіледі, ауыстырылады, қайта пайдалануға беріледі немесе есептен шығарылады. Жөнделген құралдар қайтадан мұқтаж жандарға беріледі, бұл кезек күту мерзімін едәуір қысқартады.

«Қайтарымды модель техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мерзімін қысқартуға және олардың жергілікті жерлердегі қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді», деп түсіндірді Асқарбек Ертаев.

Жаңа жоба биылғы маусым айынан бастап Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облысында сынақтан өткізіледі.

Сынақ сәтті өткен жағдайда, жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жоба бүкіл республика бойынша қамтылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады

Қоғам • Бүгін, 10:58

48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?

Футбол • Бүгін, 10:43

Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды

Аймақтар • Бүгін, 10:25

Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады

Қоғам • Бүгін, 10:15

Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды

Әлем • Бүгін, 10:03

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Оқиға • Бүгін, 09:56

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:39

АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 09:28

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:21

Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады

Қоғам • Бүгін, 09:05

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 08:27

Білім ошағындағы бірегей думан

Мектеп • Бүгін, 08:00

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады

Білім • Кеше

Авиаотын бағасының қымбаттауына байланысты АҚШ-қа әуе рейстері қысқарады

Әлем • Кеше

Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью