Мүгедектікті сырттай белгілеу механизмі

27.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Былтыр елімізде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу аясында мүгедектікті белгілеуге арналған 113,1 мың өтінім сырттай форматта қаралды. 

Бұл республикадағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы санының 42,5 пайызы. Қазіргі таңда сырттай форматтағы куәландыру 50-ден астам диагноз бойынша жүргізіледі. Өткен жылы бұл тізбе едәуір кеңейтілді. Оған шынайы гидроцефалия, бір немесе бірнеше аяқ-қолдың тұрақты айқын салдануы, терең парездері сияқты аурулар енгізілген. Жоба мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр. Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтқан. Бастама мүгедек азаматтардың құзырлы мекемелерге қайта-қайта баруын және қызмет көрсетушімен тікелей байланысын болдырмауға мүмкіндік береді. 

Жасұлан Ұлмесеков, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің бас сарапшысы: 

- Қазіргі уақытта мүгедектікті белгілеу жаңа форматпен іске асып жатыр. Сондай-ақ дәрігерлердің арасында тәуелсіз сарапшылары қатысып отыр. Республикамызда мүгедектік белгілеу шаралары ҚР әлеуметтік кодекске сәйкес жүргізіледі. Бұрын тек көзбе-көз көрсетілетін болса, ары қарай ашықтығын көрсету үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін болдырмау және жүйелеу мақсатында жаңа формат 2022 жылдан бастап жүзеге асып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью