Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды

24.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматы тұрғындары Абдулла Розыбакиев көшесінің атауын өзгертіп, оған аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Мұхтар Шахановтың есімін беру туралы петиция бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петиция авторлары бұл ұсынысты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтірудегі Мұхтар Шахановтың рөлімен байланыстырады.

Олардың айтуынша, 1989 жылғы КСРО Халық депутаттарының І съезінде ол Желтоқсан оқиғалары бойынша үнсіздік «жүйесін бұзып», арнайы мемлекеттік комиссия құруды талап еткен. Кейін оның жетекшілігімен құрылған комиссия 1990 жылы оқиғаға қатысты «қазақ ұлтшылдығы» деген тұжырымның қате екенін мойындаған.

Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді

Жоба авторлары ақынның өмір бойы тіл мен ұлттық құндылықтарды қорғауда белсенді болғанын да атап өткен. Мәселен, 2009 жылы ол ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру мәселесіне қарсы шыққан және мемлекеттік тіл мәртебесін қорғаған қоғамдық бастамаларға қатысқан.

Петицияда Абдулла Розыбакиев көшесінің таңдалуы оның қаланың маңызды көлік және қоғамдық орталықтар арқылы өтетін ірі көшелердің бірі болуымен түсіндірілген.

Сонымен қатар авторлар Абдулла Розыбакиев есімін мүлде алып тастау ұсынылмайтынын, оны ескерткіш, мемориалдық тақта немесе арнайы орындар арқылы сақтау қажет екенін де айтқан.

Айта кетейік, 2026 жылғы 20 сәуірде Мұхтар Шаханов өмірден өтті. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Халқымен қайта қауышқан қайраткер

Тұлға • Бүгін, 12:59

Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген

Қылмыс • Бүгін, 12:58

Жошының жорығы мен жосығы

Мирас • Бүгін, 12:55

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Үкімет • Бүгін, 12:39

Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады

Қоғам • Бүгін, 12:35

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды

Бюджет • Бүгін, 12:30

«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты

Футбол • Бүгін, 12:18

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі

Бюджет • Бүгін, 12:08

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады

Қазақстан • Бүгін, 11:47

Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды

Банк • Бүгін, 11:38

Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды

Әлем • Бүгін, 11:35

«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды

Спорт • Бүгін, 11:20

Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Бүгін, 11:15

Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05

Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 10:57

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью