Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімді орта қағидалары бекітілді

18.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қағидаларды «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» басшысы Ерлан Жүсіпов депутаттарға таныстырды. Оның айтуынша, жаңа талаптар мүгедектігі бар азаматтардың қалалық нысандар мен әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Талқылау барысында депутат Бауыржан Смайылов кейбір тұрғын үйлерде пандустардың орнына орнатылған лифтілердің қолайсыз және қауіпті екенін айтты. Мысалы, Көктал-1 тұрғын алабындағы «Мирный дом» тұрғын үйінде осындай лифттер пайдалану мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қауіп тудырады.

– Менің ұсынысым бойынша аталған лифтілер пандустарға ауыстырылды. Болашақта жаңа тұрғын үй жобаларында осындай шешімдерге жол берілмесін, - деді депутат.

Мәслихатта атап өтілгендей, қағидалар жобалау кезеңінен бастап инфрақұрылым нысандарын арнайы құрылғылармен жабдықтауды, техникалық стандарттарды сақтауды және жобалау кезінде қолжетімділікті міндетті түрде ескеруді көздейді.

Осыған дейін Қазақстанда 27 мыңнан аса нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделгені туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью