Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше назар

07.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанада «Amanat» партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңес отырысы өтті. Жиын барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу нысандарымен қамту, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен жұмыс жоспарларын бейімдеу мәселелері, техникалық, кәсіптік білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді дамыту шаралары қаралды.

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік орган­дардың өкілдері, партия қыз­мет­керлері және бейнеконференц-байланыс режімі арқылы өңірлердегі басқарма басшылары қатысты.

Сөз басында «Amanat» партия­сының хатшысы Шолпан Каринова елімізде жаңа Конституция жобасы әзірленгенін, осы жұмыс ашық әрі жария түрде жүргізілгенін атап өтті.

«Әр азаматтың Қазақстанның болашағына өз үлесін қосуға белсенді азаматтық ұстанымын ұсыныстар мен саналы қатысуы ар­қылы білдіруге толық мүмкін­дігі бар. Ата заң жобасы қоғамда жүзеге асырылып жатқан жүйелі саяси және экономикалық өзгеріс­терді көрсетіп, ел дамуының жаңа бағдарын, оның ішінде білім, ғылым, инновациялар саласын­дағы басымдықтарды айқындап, адам капиталын дамытуды ең бас­ты орынға қойған құжат саналады», деді партия хатшысы.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты, кеңес төрағасының орынбасары Ерлан Әбдиев жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағытталған, прогрессивті құжат екенін атап өтіп, оның іргетасында адамға бағдарланған ұстаным екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қоғамда инклюзивті ортаны дамытуда, соның ішінде Қазақстанның білім беру жүйесін ілгерілетуде ерекше маңызды.

«Бүгінде ұлттық деңгейде «Мүмкін­дігі шектеулі балаларды (тұлға­ларды) кешенді қолдау тура­лы» жаңа заң жобасы әзір­леніп жатыр. Құжат Мемлекет бас­шысының Ұлттық құрылтай­дың IV отырысында берген тапсырмасы аясында Мәжіліс пен Сенат депутаттарының бастамасы негізінде дайындалды. Мәжілісте талқы­ланып жатқан бұл заң жобасы балалардың меди­цина­ға, білімге және әлеуметтік қыз­мет­терге үздіксіз қолжетімді­лігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Ерлан Әбдиев.

Бұл ретте Оқу-ағарту бірін­ші вице-министрі Майра Мелдебекова елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 237 мың бала бар екенін айтты.

«Оның ішінде, мектепке дейінгі жаста – 71 мың, мектеп жасында – 166 мың. Мүмкіндігі шектеулі балалардың басым көпшілігі – психикалық дамуы тежелген балалар. Олардың үлесі – 34,3% болса, сөйлеу тілінің бұзылысы бар балалар 32%-ды құрайды. Бүгін­де инклюзивті білім беру жағ­да­йында балабақшаларда – 49200, мектептерде – 138700, колледж­дерде 5400 бала білім алуда. Әр баланың білім алу қажеттілігі психо­ло­гиялық медициналық педагоги­калық консультацияларда (ПМПК) бағаланады. Ол үшін елімізде 124 ПМПК қызмет етеді. Осы жылы тағы 8 ПМПК ашу жоспарланып отыр», деді вице-министр.

Сондай-ақ жиын барысы­нда Қарағанды мен Ақмола об­лы­сындағы және Шымкент қа­ла­сындағы білім басқармалары­ның басшылары баяндама жасады.

Іс-шараны қорытындылай келе, «Amanat» партиясының хатшысы Шолпан Каринова алдағы уақытта қабылданатын барлық шешім мен шараның өзегінде балалар тұру­ға тиіс екенін атап өтті. Ал түпкі мақсат – нағыз инклюзивті орта құру.

«Санитарлық және құрылыс нормалары да назардан тыс қалмауға тиіс. ПМПК-ға, оңалту кабинеттеріне және ресурстық орта­лықтарға қатысты тиісті құры­лыс нормалары қажет. Осы мәселе әлі де толық шешімін таппай отыр. Сондықтан жиын барысында көтерілген барлық мәселені алдағы уақытта да жіті назарда ұстаймыз», деп түйіндеді Шолпан Каринова. 

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік сала: ілгерілеу мен іркілістер

Саясат • Бүгін, 10:00

Мүмкіндігі шектеулі балаларға – ерекше назар

Қоғам • Бүгін, 09:50

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Елдік көзқарастың қалыптасуы маңызды

Пікір • Бүгін, 09:30

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

Қазақстан – Беларусь: Парламентаралық ынтымақтастық нығайып келеді

Саясат • Бүгін, 09:15

Марат Сұлтанғазиев: Аймақты жан-жақты дамыту – басым бағытымыз

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Конституциялық реформа бизнестің де өрісін кеңейтеді

Саясат • Бүгін, 09:05

Донор мен дотация: Өңірлерді өркендету бағдары қалай өзгереді?

Экономика • Бүгін, 09:00

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Креативті индустрия туралы заң қаралды

Үкімет • Бүгін, 08:55

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Кәсіп бастағандарға – 400 млн теңге

Бизнес • Бүгін, 08:45

Ақиық ақынды шетел оқырманы қалай бағалайды?

Әдебиет • Бүгін, 08:40

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью