Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
- Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Олар үлкен коммерциялық келісімшарттар болғандықтан аталған келіссөздердің нәтижесін сіздерге хабарлаймыз, - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның нақтылауынша, Қазақстанның заңнамасы да, өзге де юрисдикциялардың нормалары да мұндай келісімшарттарды қайта қараудың нақты мерзімін қарастырмайды. Барлығы да тараптардың келіссөздер барысындағы ұстанымына байланысты.
- Егер Қашаған жобасын айтар болсақ, онда «ҚазМұнайГазды» қоса алғанда 7 қатысушы бар. Өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес, барлық 7 қатысушы қандай да бір екіжақты келісімге келуі тиіс. Бір қатысушы бас тартқан жағдайда шешім қабылданбайды. Біз соған тап келіп отырмыз. Сіздер процестің күрделі екенін түсіну үшін егжей-тегжейін айтып тұрмын. Сіз келіп «бер» дегенге бере салмайды. Ортақ ымыраға келу қажет, - деді Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет өнімді бөлу жөніндегі келісімдерді елімізге анағұрлым тиімді әрі жаңа шарттармен ұзарту үшін келіссөздерді жандандыруы қажеттігін айтқан еді.