Мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс басталғаннан бергі ең төменгі деңгейге түсті

25.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыс басталғанға дейінгі деңгейге қайта түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыс басталғанға дейінгі деңгейге қайта түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Астана уақытымен сағат 09:46-дағы жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы 5,83 пайызға төмендеп, барреліне 72,58 доллар болды. Осылайша, бұл көрсеткіш ақпан айының соңында Иран төңірегіндегі жағдай ушыққанға дейінгі деңгейге қайта түсті.

WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны 69,48 долларға дейін төмендеді.

Еске сала кетейік, ақпан айының соңында АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы басталғаннан кейін мұнай бағасы күрт өсті. Алайда қазір баға әскери іс-қимылдар басталғанға дейінгі деңгейге оралды.

Мұнай бағасы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаилов мұнай бағасы бюджет кірісіне, Ұлттық қордың жай-күйі және теңге бағамына әсер ететінін айтқан. Баға өскенде оң әсер байқалады, ал төмендегенде — керісінше.

Мұнай нарығындағы тұрақсыздық экономика үшін тәуекелдерді күшейтеді. Бағаның күрт құбылуы инфляцияға, инвестициялық белсенділікке және қаржы нарықтарына әсер етеді. Мұнай кірістеріне тәуелділік елді сыртқы соққыларға осал етеді.

Бұл ретте 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте базалық параметрлер бекітілген: мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде және доллар бағамы 540 теңге. Экспорттық кірістер, әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік шығыстар дәл осы бағдарлар негізінде есептеледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью