Мұнай бағасының көтерілгеніне қатты қуанудың қажеті жоқ сарапшы

07.03.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Сарапшы Олжас Байділдинов мұнай нарығындағы жағдайға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс салдарынан Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррелі үшін 90 доллардан асты. Сарапшының ойынша, бұл қысқа мерзімді үрдіс. Ал оның пайдасы қатты сезілмейді.

"Біздің мұнай өндіру/экспорт көлемін қалпына келтіре алмай жатқанымызға төртінші ай кетті. Ал қор биржаларда активтерді жаппай сатудың нәтижесінде ұлттық қор мен алтын-валюта резервіміздің құны төмендейді. Алыпсатар трейдерлер де өз ақшасын дамушы нарықтардан шығара бастайды. Сонда бағамды бұрынғы деңгейіне оп-оңай апаруы мүмкін", - деп жазды Байділдинов Telegram-арнасында.

Мұнаймен бірге мұнай өнімдерінің бағасы да өсіп келеді. Әсіресе, авиакеросин қымбаттап кеткен. Бүгінде Қазақстан осы өнімнің 40 процентін Ресейден импорттайды. ЕАЭО аясында баж да салынбайды.

"Бірақ әлемдік бағалар күрт көтерілген жағдайда неге ресейлік компаниялар оны бізге төмен бағамен сатуы керек?", - деп атап көрсетті сарапшы.

Осы орайда Баділдинов Еуропадағы сұйытылған газ тапшылығының басталғанын да еске салды. Осыдан кейін Ресейдің кейбір аймақтарында газдың бағасы 35-40 рубльден сатылып жатыр. Бұл қазіргі курспен бір литріне - 220-250 теңге. Бұдан бөлек, қазіргі жағдайда қазақстандық мұнайды экспорттаудың балама жолдарына қауіп төнсе, ел экономикасына қажетті қаражат түспей қалады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью