Мұнай газ машина жасау саласындағы отандық өндірушілер 244 млрд теңге келісімшарт жасасты

11.10.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Ақтау қаласында Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының қатысуымен мұнай-газ машина жасау форумы және операторлардың ашық есік күні өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ірі мұнай-газ операторларының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

© Photo : Маңғыстау облысы әкімдігіАқтауда Отандық өндірушілердің мұнай-газ машина жасау форумы өтті

Ақтауда Отандық өндірушілердің мұнай-газ машина жасау форумы өтті

© Photo : Маңғыстау облысы әкімдігі

Форум алаңында қазақстандық өндірушілердің көрмесі өтіп, 45 компания металл құрылымдар, құбырлар, сорғылар, мұнай-химия, химиялық жабдықтар және т.б. өнімдерін ұсынды.

"Шараның басты мақсаты – еліміздің ірі жобаларында отандық тауарөндірушілердің қатысуын қолдау арқылы отандық өндірісті кеңінен дамыту, импортқа тәуелділікті азайту және өңіріміздің кәсіпорындарына тың мүмкіндіктер беру", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шара аясында жалпы сомасы 244 млрд теңге болатын шамамен 40 келісімшарт жасалды.

© Маңғыстау облысы әкімдігіАқтауда Отандық өндірушілердің мұнай-газ машина жасау форумы өтті

Ақтауда Отандық өндірушілердің мұнай-газ машина жасау форумы өтті

© Маңғыстау облысы әкімдігі

Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілермен өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында 19 меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар өндірістік және сервистік мүмкіндіктерді кеңейтуге, сондай-ақ отандық жеткізушілердің ірі жобалардың жабдықтау тізбегіне қатысуын ынталандыруға бағытталған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью