Мұнай нарығындағы құбылыс: Әлемдік геосаяси жағдай отандық жанармай бағасына әсер ете ме?

20.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әлемдік мұнай нарығы соңғы апталарда қайтадан құбылды. Бұған Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс, OPEC+ ұйымының өндіріс саясаты, мұнай жеткізу тізбегіндегі тәуекелдер себеп болып отыр. Бұл өзгерістер еліміздегі баға саясатына қалай ықпал етеді? Осы сауал төңірегінде сала сарапшысымен әңгімелескен едік.

Фото: Ашық дереккөз

БАӘ OPEC+ ұйымынан шыққаннан кейін, 3 мамырда алғаш рет онлайн форматта жиын ұйымдастырды. Жиынға қатысушы елдер нарықтағы жағдайға байланысты өндіріс көлемін қайта қарастыруға дайын екенін атап өтіп, өндіріс көлемін арттыруға уағдаласты. Яғни, мұнай нарығындағы баға мен сұранысқа қарай икемді саясат сақталады. Келісімге сәйкес, Қазақстан үшін белгіленген квота – тәулігіне 1,599 млн баррель мұнайды құрайды. Energy Monitor қорының директоры Нұрлан Жұмағұловтың сөзінше, Қазақстан бұл талапты әлі де толық сақтай алмай келеді.

«OPEC+ келісімі бойынша Қазақстан мұнай өндірісін белгілі бір деңгейде ұстап тұру жөнінде міндеттеме алған болатын. Алайда соңғы үш жылда еліміз бұл талаптарды толық сақтай алмай келеді. Бұған негізгі себеп – Теңіз және Қашаған секілді ірі жобаларда мұнай өндірісінің артуы. Мысалы, шектеу тәулігіне 1,5 миллион баррель көлемінде болса, Қазақстан іс жүзінде шамамен 1,8 миллион баррель мұнай өндіреді. Жалпы алғанда, бұл келісімнің еліміз үшін экономикалықтан гөрі имидждік маңызы басым деуге болады. Яғни, Қазақстан ірі мұнай өндіруші мемлекеттермен бір деңгейде болып, халықаралық энергетикалық диалогқа қатысу мүмкіндігін сақтайды», дейді Нұрлан Жұмағұлов.

Сарапшының айтуынша, бұл жағдай елдері жанармай бағасына айтарлықтай әсер етіп отырған жоқ. Себебі ішкі нарық тікелей мемлекеттің араласуы арқылы реттеліп отыр.

«Негізінде, Қазақстанның ішкі жанармай нарығы геосаяси жағдайларға тікелей тәуелді емес. Себебі еліміздегі шамамен 60 шақты шағын және орта мұнай өндіруші компания өндірген мұнайының 70%-ына дейін ішкі нарыққа төмен бағамен өткізеді. Олар мұнайды шамамен тоннасына 100 мың теңге көлемінде еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытына сатады. Бұл экспорттық бағамен салыстырғанда 2,5-3 есе арзан. Сонымен қатар мемлекет ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің бағасын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Бензин мен дизель отынының көтерме және бөлшек бағалары да мемлекеттік реттеу аясында қадағаланады. Сондықтан еліміздегі жанармай бағасының өзгеруіне геосаяси факторлардан гөрі ішкі нарықтағы мемлекеттік саясат пен реттеу тетіктері көбірек ықпал етеді», дейді ол.

Бұған дейін Халықаралық энергетикалық агенттік (IEA) 2026 жылы әлемдік мұнай ұсынысы сұраныстан төмен болуы мүмкін екенін ескерткен еді. Ұйымның мәліметінше, Иран маңындағы шиеленіс салдарынан тәулігіне миллиондаған баррель мұнай нарыққа жетпей қалуы Brent маркалы мұнай бағасының күн сайын қымбаттауына себеп болып отыр.

«Жалпы алғанда, мұнай бағасы неғұрлым жоғары болса, Қазақстан экономикасы үшін соғұрлым тиімді. Себебі бюджетке көбірек салық түседі, Ұлттық қорға түсетін кіріс артады. Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін Ұлттық қор активтерін 100 миллиард долларға жеткізу жөнінде тапсырма бергені белгілі. Сондықтан мұнай бағасының жоғары болуы  осы мақсатқа жетудің негізгі факторларының бірі. Қазіргі таңда әлемдік нарықта мұнай бағасы жоғары деңгейде сақталып отыр. Қазақстанның мұнайы – KEBCO маркалы мұнай – кей кездері Brent бағасынан шамамен 15 долларға дейін жоғары сатылып жатыр. Бұған Еуропа тарапынан қазақстандық мұнайға деген сұраныстың артуы әсер етіп отыр. Сондықтан қазіргі жағдай Қазақстан экономикасы үшін тиімді деуге болады», дейді Н.Жұмағұлов.

Әлем елдерінде, әсіресе, Еуропада соңғы саяси ахуалдарға байланысты жанармай бағасы айтарлықтай өскен. Алайда мұнай-газ саласының сарапшы ел тұрғындарына жанармай бағасына қатысты алаңдауға еш негіз жоқ екендігін айтты.

«Тұтынушылар тұрғысынан қарасақ, әлем бойынша жанармай бағасы айтарлықтай өсті. Бензин, дизель отыны және авиациялық керосин бағасы қымбаттады. Мысалы, Еуропада авиаотын бағасы екі есеге дейін өскен жағдайлар болды. Қазақстанда жағдай сәл өзгеше. Мәселен, авиаотын бағасы керісінше төмендеп отыр. Бұрын тоннасы шамамен 1200 доллар болса, қазіргі таңда 900 доллардан төмен деңгейге түсті. Сонымен қатар бензин бағасы да нарықтық жағдайға сай қатты өсуі мүмкін еді. Алайда, бұған дейін атап өткеніміздей, мемлекет әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында бағаны реттеп отыр. Қазіргі таңда бензин бағасын айына небәрі 1 теңгеге ғана өсіруге рұқсат берілген, дейді ол.

Сондай-ақ Нұрлан Жұмағұлов қазіргі жаһандық ахуал мұнай экспортын арттыруға оң ықпал еткендігін, осының әсерінен Қазақстан мұнайына қызыққан елдер қатарының артқанын атап өтті.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Корея Қазақстаннан 18 миллион баррель мұнай сатып алатындығын жазған болатынбыз. Бұдан бөлек, Қазақстан Германияға экспортталатын 260 мың тонна мұнай бағыттарын қайта қарап, Чехиямен де мұнай-газ бағытында келісімдер жасасқан еді.  

Соңғы жаңалықтар

«Арсенал» 22 жылдан кейін алғаш рет Англия чемпионы атанды

Футбол • Бүгін, 09:52

7 провинцияны шарпыды: Қытайдағы жойқын су тасқынынан 18 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 09:47

Дональд Трамп ұсынған: Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы төтенше елшісі болды

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Денсаулық сақтау министрлігі Эбола індетіне байланысты шұғыл ескерту жасады

Денсаулық • Бүгін, 09:35

Ұлыбритания Ормұз бұғазындағы жағдайға байланысты Ресей мұнайына салынған санкцияны жеңілдетті

Әлем • Бүгін, 09:31

Шымкентте балаларын үтікпен күйдірген анаға үкім шықты

Оқиға • Бүгін, 09:27

Путин мен Си Цзиньпиннің кездесуінде қандай мәлімдеме жасалды?

Әлем • Бүгін, 09:12

Трамп Иранмен қақтығыстың тез аяқталуы мүмкін екенін айтты

Әлем • Бүгін, 08:53

Атырауда әйел адамнан 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қоғам • Бүгін, 08:20

Синоптиктер ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады

Қоғам • Бүгін, 08:09

Дональд Трамптан кейін Қытайға Владимир Путин барды

Саясат • Кеше

Зейнетақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады

Экономика • Кеше

20 мамыр күніне арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Кеше

Түркістанда ҰБТ-дан екі оқушы ең жоғары 140 балл жинады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью