Мұнайдың әлемдік бағасы кезекті межеден асты

19.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында мұнайдың әлемдік бағасы шарықтай түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 116 доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында мұнайдың әлемдік бағасы шарықтай түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 116 доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана уақытымен сағат 13:45-тегі сауда-саттық деректері бойынша, Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің құны 8,12 пайыз өсіп, барреліне 116 доллардан асты.

скриншот ice.com сайтынан

WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,84 пайыз өсіп, барреліне 97,13 доллар болды.

Айта кетейік, 18 наурызда Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 110 долларға дейін көтерілді, қор биржаларындағы акциялар Ирандағы ең ірі газ кен орнына жасалған әуе соққысынан кейін арзандай бастады.

Айта кетсек, Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған бюджетінде мұнай бағасы барреліне 60 доллар, ал доллар бағамы 540 теңге деңгейінде бекітілген. Бұл көрсеткіштер экспорттан түсетін табысты, әлеуметтік төлемдерді және бюджеттік бағдарламалардың шығыстарын есептеу үшін қолданылады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью