Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысы толық тоқтауы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мұндай сценарий қарастырылып жатқан жоғын айтты.
"31 шілдеде КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатты. Соған қарамастан жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарларды толтыру жалғасып жатыр. 1 тамыздан бастап тәулігіне 100 мың тонна мұнай қабылданып жатыр. Тасымал көлемін одан әрі арттыру теңіз терминалындағы танкерлердің тиеуге уақытылы қойылуына байланысты болады", – деді министрдің кеңесшісі әрі Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.
Ведомство мәліметінше, Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты байланыста болып, қазіргі жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Анықтама: Каспий құбыр консорциумы Ресейдің, АҚШ-тың, Қазақстанның және Батыс Еуропаның бірқатар елінің отын-энергетика кешеніндегі ірі кәсіпорындарының басын қосады. КҚК Қазақстанның үш ірі кенішінен, яғни Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтан мұнай тасымалдауды қамтамасыз етеді.
30 шілдеде КҚК теңіз терминалының акваториясында дрондар тағы да екі танкерге шабуыл жасағанын. Салдарынан бір кемеде өрт басталды.
КҚК-ға жасалған шабуылдарБұған дейін КҚК акваториясында танкерлерге дрондар шабуыл жасаған болатын. Бір кеме қазақстандық мұнайды тиеуге дайындалып жатса, екіншісі КҚК теңіз терминалында болған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл шабуылдарды елдің экономикалық мүдделеріне жасалған жол берілмейтін қастандық деп атап, қазақстандық мұнайды экспорттау үшін пайдаланылатын кемелер мен инфрақұрылымға шабуылдарды дереу тоқтатуды талап етті.
СІМ Қазақстан келтірілген залалды бағалап жатқанын және халықаралық құқықта көзделген өз мүдделерін қорғау тетіктерін, соның ішінде залалды өтеу туралы талаптарды пайдалану құқығын өзіне қалдыратынын мәлімдеді.
23 шілдеде Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі КҚК теңіз терминалында тиеу операциялары уақытша тоқтатылғанын, соның салдарынан мұнай өндіру көлемі азайғанын мәлімдеді. 27 шілдеде ведомство ҚТҚ мұнай қабылдауды қайта бастағанын айтты.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу