Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Петропавл қаласында 73 жастағы зейнеткер телефон алаяқтарының кесірінен барлық жинағынан айырылып қала жаздады. Алаяқтар әйелді оның атына бес миллион теңге несие рәсімделгеніне сендіріп, ақшаны алу үшін банкке жіберген. Алайда күдікті жайтты байқап қалған такси жүргізушісі іске араласуды жөн көрген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алаяқтар зейнеткерді қалай алдаған?
Бәрі белгілі бір байланыс операторының қызметкерімін деп таныстырған адамның қоңырауынан басталған. Әйелге келісімшарт мерзімі аяқталғанын айтып, оны қашықтан ұзартуды ұсынған. Ол үшін зейнеткерден SMS арқылы келген кодты айтуды және шарттармен келісетінін растауды сұраған.
Келесі күні оған қайтадан қоңырау шала бастаған. Бұл жолы алаяқтар оның әрекеті салдарынан әйелдің атына бес миллион теңге көлемінде несие рәсімделгенін мәлімдеген. "Жағдайды түзету" үшін олар зейнеткерді депозиттегі жинағын шешіп, оны "қауіпсіз шотқа" аударуға көндірген.
Алаяқтар тіпті ол банкке барып ақша алуы үшін арнайы такси шақыртып берген.
Таксист алаяқтықты сезіп қалдыТакси тізгінінде жеке кәсіпкер Виктор болған. Ол бұған дейін әлеуметтік желілерден телефон алаяқтығы туралы материалдарды көріп, бірден күмәнданған: жолаушыға телефон арқылы үздіксіз нұсқаулар беріліп отырған.
Бастапқыда зейнеткер жүргізушіге сенбеген. Қоңырау шалушылар оны ешкімге сенбеуге үгіттеп, "мұның бәрі бір мафия" деп сендірген.
Дегенмен Виктор бұл жағдайға бейжай қарамады. Ол банктегі менеджерге алаяқтық болуы мүмкін екенін ескертіп, 102 нөміріне қоңырау шалған. Оқиға орнына келген полицейлер әйелге оның кең таралған алаяқтық схемасының құрбаны болғанын түсіндірді.
Нәтижесінде оның екі миллион теңгеден астам жинағын сақтап қалу мүмкін болды.
Қазақстандықтарды қалай алдайды?Полиция өкілдері шығын бұдан да көп болуы мүмкін екенін атап өтті. Құқық қорғаушылардың айтуынша, мұндай схемаларда алаяқтар адамдарды әртүрлі банктерден "айналы несиелер" рәсімдеуге жиі көндіреді. Мұндай жағдайларда шығын көлемі 20 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Полицейлер қазақстандықтарды қырағы болуға және қарт туыстарына алаяқтықтың кең таралған әдістері туралы айтып отыруға шақырады. Егер бейтаныс жандар телефон арқылы SMS-кодты айтуды, ақша шешуді немесе оны "қауіпсіз шотқа" аударуды талап етсе, сөйлесуді тоқтатып, көмекке жүгінген жөн.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда алаяқтардың жаңа схеманы қолдана бастағаны хабарланған болатын: олар қызметкерлерге басшылардың немесе әріптестерінің атынан қоңырау шалып, мессенджер арқылы деректемелерді, кодтарды немесе басқа да ақпаратты жіберуді сұрайды. Бұл ретте телефон экранында шынымен де таныс адамның нөмірі көрсетілуі мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу