“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Маңғыстау облысында демалушылар қоқысқа толған танымал демалыс орындарын видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Осындай жерлердің бірі – Құрық ауылының маңындағы Жыланды мүйісі. Бейнежазба авторы адамдар демалғаннан кейін пластик бөтелкелер, пакеттер мен басқа да тұрмыстық қалдықтар шашылып жатқан аумақты көрсетті.

Оның айтуынша, егер жағдай осы қарқынмен жалғаса берсе, өңірдің табиғи байлығы саналатын бұл орын нағыз қоқыс полигонына айналуы мүмкін.

"Өз өлкеңді осыншалықты сүймеуге бола ма? Қоқысты жинап, ең жақын елді мекенге дейін апару қиын ба? Масқара, айтарға сөзім жоқ", – деді видео авторы.

Сондай-ақ ол жергілікті билікті бұл мәселеге назар аударып, аумақтың одан әрі ластануын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдауға шақырды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Ақтау іргесіндегі тағы бір көрікті де танымал орын – "Көгілдір шығанақта" түсірілген видео тарап жатыр. Кадрлардан тұрмыстық қалдықтарға, пластик бөтелкелер мен пикниктен қалған қоқыстарға толған құмды жағалауды көруге болады.

Желі қолданушылары мәселеге назар аударуды сұрап, Маңғыстау облысының әкімдігіне өтініш жолдады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

112 - Ақтау - Актау (@112_aktau) жариялаған жазба

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью