Мұраға алты ай: мерзімді өткізіп алғандарды не күтіп тұр

04.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот марқұмның қызы мен оның өлімінен кейін мұраны рәсімдеп алған анасы арасындағы мұрагерлік дауды қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соттың мәліметінше, Қазақстан азаматы 2011 жылы қайтыс болған. Содан кейін оның анасы Шымкенттегі жер телімі бар тұрғын үйге мұрагерлік құқығы туралы куәлік алған. Кейінірек бұл мүліктің бір бөлігі басқа мұрагерге өсиет етілген.

Арада 14 жылдан астам уақыт өткенде марқұмның қызы сотқа жүгінген. Ол өзінің мұрагерлер тізіміне енбей қалғанын айтып, мұрагерлік құқығы туралы куәлік пен өсиетті жарамсыз деп тануды талап етті.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар оның талаптарын қанағаттандырды. Алайда кассациялық сот өзгеше шешімге келді.

Сот ақпаратынша, заң бойынша мұраны мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдау қажет. Егер мерзім өткізіп алынса, оны тек сот арқылы және дәлелді себептер болған жағдайда ғана қалпына келтіруге болады.

Бұл жағдайда марқұмның қызы 14 жылдан астам уақыт бойы мұраны рәсімдеу бойынша ешқандай әрекет жасамаған, мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш бермеген және мұраға қалған үйде тұру сияқты мүлікті іс жүзінде қабылдағанын дәлелдей алмаған.

Әйел өз әрекетсіздігін әкесі қайтыс болған кезде кәмелетке толмағанымен және ата-анасының ажырасып кеткенімен түсіндірді. Бірақ кассациялық сот мұндай жағдайда баланың мүддесін заңды өкілдері қорғауы тиіс екенін көрсетті. Анасының мұраны рәсімдей алмағаны немесе ата-аналық құқығы шектелгені туралы ешқандай дәлел ұсынылмады.

Сондықтан сот рәсімделген мұрагерлік құқықтың жоқтығын өзге мұрагерлік куәліктерді немесе өсиетті жарамсыз деп тану талабымен алмастыруға болмайды деген қорытындыға келді.

"Сондықтан сот рәсімделген мұрагерлік құқықтың жоқтығын өзге мұрагерлік куәліктерді немесе өсиетті жарамсыз деп тану талабымен алмастыруға болмайды", - делінген азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың хабарламасында.

Кассациялық сот сот актілерінің күшін жойып, талаптарды қанағаттандырудан бас тартты.

Несие және мұра: қарызға батпас үшін нені білу маңызды?

Бұған дейін Tengrinews.kz редакциясы несиенің қандай жағдайларда мұраға өтетінін, қашан оны төлемеуге болатынын және банктің мұрагерлерден қарызды толық өтеуді талап етуге құқығы бар-жоғын анықтау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) жүгінген болатын. Мұраны қабылдамас бұрын не нәрсеге назар аудару қажет - толығырақ материалда.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью