Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов Конституцияда шығармашылық еркіндікті нақты қорғайтын нормаларды бекіту туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Елдің ғылымы мен мәдениеті, инновация мен рухани қуаты ой еркіндігі бар ортада ғана қалыптасады. Тек осындай еркін шығармашылық кеңістік болса, сол жерде ғана жасампаздық, тұлғалар өсіп шығады. Ғалым − жаңа идея ұсынады, инженер − тың шешім табады, жазушы мен суреткер, әншілер − қоғамның рухани деңгейін көтереді. Сондықтан шығармашылық еркіндік − болашаққа салынатын ең ірі инвестиция. Мемлекет басшысы өз сөзінде шығармашылық, ғылыми және инновациялық бағытқа қолдау көрсетуді, жас таланттардың еңбегін лайықты бағалауды үнемі айтып келеді», деді Мұрат Әбенов.
«Неке – ер мен әйел одағы»: Конституцияда отбасы ұғымын күшейту ұсынылды
Осы ретте депутат қазір қоғамда пайдалы, салмақты әрі жауапты пікір айтатын азаматтардың ойы кейде тасада қалып қоятынын айтты.
«Керісінше, жеңіл-желпі, тексерілмей әлеуметтік желіде айта салатын ойды жұрт іліп әкетеді. Сонда, кейбір білімді азаматтар өз ойын жеткізетін орта таба алмай қалады. Бұл өз кезегінде қоғамның интеллектуалды дамуына кері әсер ететін құбылыс. Алдағы уақытта осы азаматтардың ой-пікірін билікке, қоғамға жеткізетін арнайы жүйелер жасауымыз керек. Сондықтан Конституциялық реформа аясында шығармашылық еркіндікті тек жариялап қана қоймай, оны нақты қорғайтын және қолдайтын нормаларды бекіту қажет деп есептеймін. Біріншіден, Конституцияда сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндіктің мазмұнын нақтылап көрсету керек», деді депутат.
Үнзила Шапақ: Конституцияның преамбуласын жаңарту елдің идеологиялық бағытын айқындайды
Соңғы жаңалықтар
Саясат • Бүгін, 16:41
Эльвира Азимова: Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды
Қоғам • Бүгін, 16:05
Қоғам • Бүгін, 16:03
Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады
Қоғам • Бүгін, 15:45
Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға
Қоғам • Бүгін, 15:33
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 15:05
Мас күйінде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды
Оқиға • Бүгін, 14:51
Астанада қандай жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады?
Елорда • Бүгін, 14:34
Нұрай ісі: Жұмыстан шығарылған полицей өз нұсқасын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 13:58
Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты
Спорт • Бүгін, 13:23
Өткен жылы Қостанайда 1200 адам алаяқтарға алданған
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:43
МӘМС жүйесіндегі олқылықтардан кейін қорға жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Ата заң • Бүгін, 12:09
Жаңаөзенде электр станциясы жаңғыртылады: Инвесторлар қандай жоба ұсынды?
Аймақтар • Бүгін, 11:47