Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстандық спортшы Мұратбек Қасымбай Ташкентте өткен IBA Nomad 16 турнирінде Залимхан Юсуповты нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жекпе-жектің екінші раундында Қасымбай қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Алайда Юсупов орнынан тұрып, кездесуді жалғастырды. Үшінші раундта тағы екі рет нокдаун тіркелгеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Айта кетейік, бұл Мұратбек Қасымбайдың екі жылға жуық уақыттан кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Ол соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында Мұхаммед Хейбатимен кездесіп, тең түскен болатын.
Осы турнирде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов қарсыласы Асрор Акбарходжаевтан төрешілер шешімімен жеңілді.
25 жастағы Акбарходжаев бұған дейін Hardcore ұйымында өнер көрсеткен және Ресей мен Тәжікстанның атынан сынға түседі.
Бұл Жұмағұловтың жалаң жұдырықпен өткізген екінші жекпе-жегі болды. Ол сәуір айындағы алғашқы кездесуінде қарсыласын нокаутпен жеңген еді.