Мұражай туралы түсірілім

27.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Өткен жылы Almaty Museum of Arts ордасы алматылықтарға сыйға тартылған еді. Кейінгі жылдары танымал кәсіпкер Нұрлан Смағұлов бүкіләлемдік бейнелеу өнерінің жауһарларын, қазақтың айтулы қылқалам шеберлерінің туындыларын жинастыра жүріп музейге шоғырландырып, шаһар өңіріне жарқыратып тақты.

Ақиқатында Al­ma­ty Museum of Arts – елі­міз­дегі ең маңызды мәдени жобалардың бірі. Таяу күндері оның тарихын баяндайтын «Қиылыстағы мұражай» деректі фильмінің тұсауы кесілді. Көрермен онда ХХ ғасырдағы қазақ өне­ріне тиесілі жеке коллек­цияның қалай мұражай мазмұнына айналып, турист қабылдайтын орта ретінде қалыптасқанына куә болады.

Картинаны дүниеге әкелген журналист әрі продюсер Андрей Лошак музей іргетасы қа­ланғаннан бастап, 2025 жылы 12 қыркүйек­тегі ашылуына дейінгі кезең­ді іштей бақылап, таспа­ға түсіріп отырған.

«Бұл мұражай жылдар бойғы арманымның ғана емес, қоғам мен ел алдындағы белгілі бір борышымның өтеуі іс­петті. Әлемді аралап, ірі мұражайларды көрген сайын Алматы дәл осындай кеңістікке, бағасы биік өнер қолжетімді болатын, адамдар бас қосып, мәдениет туралы әңгіме құратын орынға лайық деп ойлайтынмын», – дейді Almaty Museum of Arts негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Фильм тек архитек­ту­ралық шешімдер мен На­зарбаев пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысындағы ғимарат құ­рылысы туралы ғана емес, идеяның тууы, ізденістерден бас­тап, көпсатылы логис­тика мен шебер кураторлық ше­шімдерге дейінгі үде­ріс­ті, яғни, өнер туын­ды­ларының күрделі әрі көбіне көзге көрінбейтін жолынан хабардар етеді. Кадрларда Яёи Кусама, Билл Виола, Ричард Серра, Ансельм Кифер, Жауме Пленса, Йинка Шонибаре, Алисия Ква­де сынды есімі күллі әлем­ге мәшһүр шеберлер ең­бек­терінің қазақ еліне қан­дай кедергілермен жет­кізілгені қызықты әрі тартымды баяндалады.

Алматы­лық­тармен қа­уышқан ал­ғашқы «Қиы­лыстағы мұражай» – аталған музей туралы қос деректі фильмнің алғашқы­сы. Көктем айларында 60-жылдар­дағы отандық қылқалам шеберлерінің туындыларын әспеттей­тін екінші фильмнің премьерасы өтпек. Екінші бөлі­мі – кеңес заманында қа­зақ өнерінің қайталан­бас стилін қалыптастыр­ған та­лантты буын өкілдеріне арналмақ.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Үш емдеу мекемесі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Тарих • Бүгін, 08:05

Мергенсайдағы білім ошағы

Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мектебі көбейген мегаполис

Келешек мектептері • Бүгін, 07:55

Ғимарат су жаңа кейіпке енді

Білім • Бүгін, 07:45

Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады

Өшпес даңқ • Кеше

Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс

Қоғам • Кеше

Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді

Қоғам • Кеше

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы

Қоғам • Кеше

Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы

Құрылтай • Кеше

Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау

Қоғам • Кеше

Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады

Ата заң • Кеше

С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі

Экология • Кеше

Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью