Мұздықтардың жылдам еруі су теңгерімін бұзып, табиғи апаттар қаупін арттырады Эмомали Рахмон

22.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

- Саммит климаттың өзгеруі, экожүйелердің тозуы, су ресурстарының тапшылығы және табиғи апаттар өңіріміз үшін де, бүкіл әлем үшін де күрделі сын-қатерге айналған жағдайда өтіп жатыр. Бұл бізден үйлесімді әрі бірлескен іс-қимылды талап ететіні сөзіз. Білесіздер, Орталық Азиядағы су ресурстарының 60 пайызға жуығы біздің еліміздің аумағында қалыптасады. Бұл Тәжікстанның тау экожүйесінің өңірді сумен қамтамасыз етудегі және тұрақты дамудағы маңызды рөлін айқындайды, - деді ол.

Осы ретте Тәжікстан Президенті мұздықтардың жедел еруі мен қар ресурстарының азаюы ерекше алаңдаушылық туғызатынын айтты.

- Тәжікстандағы 14 мың мұздықтың 1 300-ден астамы толық еріп кеткен. Мұздықтардың жылдам еру үрдісі бүкіл әлем бойынша күшейіп келеді. Бұл су теңгерімінің бұзылуына, қоршаған ортаға қауіптердің туындауына және сумен байланысты табиғи апаттар қаупінің артуына әкеледі, - деді Эмомали Рахмон.

Сонымен қатар ол өңірдегі шаңды дауылдардың жиілігі мен ұзақтығының артуы да алаңдатарлық үрдіс екеніне назар аудартты.

- Олар халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға теріс әсер етеді. Тек өткен жылы Тәжікстанда 60-тан астам шаңды дауыл оқиғасы тіркелді. Олардың жалпы ұзақтығы шамамен 7 ай болды. Мұндай бұрын болған емес. 90-жылдардың басында мұндай табиғи құбылыс жылына небәрі 2-3 рет қана болатын, - деді ол.

Айта кетейік, бірнеше елдің Президенті қатысып жатқан Өңірлік экологиялық саммит «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбымен өтіп жатыр. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью