Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қостанайдағы геологиялық музейге кірсеңіз, экспозиция залының төріне ілінген әйгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың түкті кілемше түрінде тоқылған портретін көресіз. Хас шебердің қолынан шыққан өнер туындысын осыдан ширек ғасыр бұрын Қ.Сәтбаев атындағы геология ғылымдары институтының өкілдері тарту еткен.
Музей меңгерушісі Вера Едігенова өңірдің кен игеру дәуірінің бастауында академик Қаныш Сәтбаев тұрғанын айтады.
«1945 жылы Қаныш Имантайұлының бастамасымен Торғай үстіртінде ауқымды іздестіру, барлау жұмыстары қолға алынады. Сонымен бірге Қостанай облысындағы Аят темір кен орнына барлау жұмысы басталды. Сол жылдары Аят кен орнын зерттеу жөнінде ерекше үкіметтік комиссия құрылады. Қаныш Сәтбаев аталған комиссияның белсенді мүшесі болды. Осы жылдары жүргізілген геологиялық барлау, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Аят, Лисаков оолит кен орындары, темір қорына бай Сарыбай, Соколов, Қашар, Қоржынкөл тәрізді көптеген магнетитті кен орындары ашылды. Бұл кен орындарының негізінде көптеген кеніш, кен байыту кәсіпорны салынды. Соның бірі – қазір Рудный қаласында жұмыс істеп тұрған Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты», дейді музей меңгерушісі.
Вера Едігенованың айтуынша, кезінде ғалымның жетекшілігімен Торғай үстірті қойнауындағы қоңыр көмір, боксит, асбест, түрлі түсті, сирек кездесетін бағалы металға бай қазба байлық орындарына барлау жұмыстары жүргізілген.
Қостанай облысы
Соңғы жаңалықтар
Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:31
Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?
Кино • Бүгін, 12:25
Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 12:17
Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған
Оқиға • Бүгін, 12:03
Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды
Спорт • Бүгін, 11:54
Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 11:48
АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?
Қоғам • Бүгін, 11:36
Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды
Әскер • Бүгін, 11:17
Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?
Президент • Бүгін, 11:02
Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 10:54
Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 10:43
«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр
Спорт • Бүгін, 10:37
«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 10:25
ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды
Digital • Бүгін, 10:13