Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанда Халықаралық музей күніне орай республикалық «Музей түні» акциясы өтеді. 16-18 мамыр аралығында ел музейлерінде тарихи мұра, өнер, заманауи технологиялар мен этномәдени бағыттарды тоғыстырған кешкі және түнгі бағдарламалар ұйымдастырылады. Бұл күндері елдегі барлық музейге кіру тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республикалық акция аясында үш ұлттық музейдің арнайы бағдарламалары көпшілік назарына ұсынылады. 16 мамыр күні акция Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде басталады. Мұнда «Жеті қазына» көрмесі өтіп, музей өз ауласында Open Air форматындағы мәдени бағдарлама ұсынады.
18 мамыр күні Ұлттық музейде скрипкашы Назым Мұстафина гуманоид робот пен бионикалық робот-иттің қатысуымен өнер көрсетеді. Жоба өнер мен заманауи технологияны ұштастырып, тарихи-мәдени мұраны жаңа форматта танытуды көздейді.
Маңғыстауда ашық аспан астындағы археологиялық музей салынады
Сол күні Ұлттық орталық музейінде қордағы жәдігерлерді сақтау мен толықтыру бағытына басымдық беріледі. «Музейге сый» акциясы аясында мәдениет, өнер, спорт және тарихқа қатысты құнды жәдігерлер музей қорына табысталады.
Акцияға музей-қорықтар да қатысады. Бағдарламада тарихи ескерткіштерге арналған түнгі бағыттар, театрландырылған қойылымдар, тарихи квестер, жарық және дыбыстық көріністер, мультимедиялық жобалар мен жасанды интеллект элементтері қамтылған.
Бағдарлама аясында келушілер қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалап, ұлттық ойындарға қатысып, дәстүрлі тағамдардан дәм тата алады. Сондай-ақ этноауылдарда рухани жүздесулер мен киіз үйдегі түнгі шай секілді этномәдени форматтар ұйымдастырылады. Ашық аспан астындағы форматтар, соның ішінде шатырлы лагерьлер мен жұлдызды аспанды тамашалау бағдарламалары да жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар
Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі
Экономика • Бүгін, 16:50
Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 16:42
Әлеуметтік сауалнама Қазақстан халқының Президентке сенімі жоғары екенін көрсетті
Қоғам • Бүгін, 16:35
Ақтөбеде облысында құралайларға GPS сырға тағылды
Экология • Бүгін, 16:22
PGL Astana 2026 турнирінің алғашқы ойын күні 7000 көрермен жиналды
Елорда • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT-ның 001 сериялы жол жүру картасы табысталды
Президент • Бүгін, 15:20
Мемлекет басшысы LRT жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 15:02
LRT іске қосылды: Алғашқы рейстер жолға шықты
Оқиға • Бүгін, 14:40
Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
Президент • Бүгін, 14:35
Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасы бой көтереді
Қоғам • Бүгін, 13:58
Испания премьер-министрі Палестина туымен шыққан «Барселона» ойыншысын қолдады
Әлем • Бүгін, 13:35
Астанада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 12:52
Айболат Бектен: Туыстық атаулар құқықтық негізде бекітілуі керек
Қоғам • Бүгін, 12:38
Алматылық дәрігерлер Италиядан келген туристің өмірін сақтап қалды
Қоғам • Бүгін, 12:25
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы карьерасын аяқтады
Спорт • Бүгін, 11:53