Музыка, театр, кино: Алматыда мамырдың алғашқы күндері қайда баруға болады

01.05.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Музыка

2 мамыр күні сағат 20:00-де Motor Club (Назарбаев даңғылы, 50) сахнасында танымал рэп орындаушы Feduk өзінің хит әндерін шырқайды.

3 мамыр сағат 19:00-де Almaty Arena кешенінде жас әртістердің қатысуымен NonStop Music Fest атты ауқымды музыкалық фестиваль өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматының әр ауданында мерекелік концерттер, этномәдени бірлестіктердің өнері мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Негізгі шаралар 1 мамыр күні сағат 10:30-да Республика сарайының алдындағы алаңда басталды. 

Театр

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында (Абылайхан даңғылы, 38) 2 мамыр күні сағат 11:00-де «Кішкентай ханзаданың оралуы», ал сағат 18:30-да «Ақ кеме» қойылымдары қойылады. 3 мамыр күні театр көрермендері «Оян, қалыңдық» спектаклін сағат 18:30-да тамашалай алады.

М. Лермонтов атындағы театрда «Уборщик» атты комедиялық қойылымның премьерасы өтеді. Эрик Ассустың комедиясын 1 мамыр (19:00), 2 және 3 мамыр (18:00) күндері тамашалауға болады.

Almaty Theatre сахнасында елордалық Astana Ballet ұжымы көктемгі гастрольдік сапарын өткізеді. 2 және 3 мамыр күндері әзірбайжанның көне әрі әдемі аңызына негізделген «Екі кілем» балеті сахналанады.

«ARТиШОК» театры тәуелсіз өнер сүйер қауымды Cabaret Maiakovsky қойылымына шақырады. Панк-кабаре стиліндегі бұл туынды 1 және 2 мамыр күндері сағат 19:00-де басталады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында (Қабанбай батыр, 110) 2 мамыр күні сағат 18:00-де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кеш өтеді.

«BUNKER» арт-мекенінде 3 мамыр сағат 16:00-де есейген шақтағы күрделі сұрақтарға жауап іздейтін «Балықтар ұйықтай ма?» атты драмалық туынды көрсетіледі.

Кино

Қала кинотеатрлары көрермендерге әлемдік және отандық туындыларды ұсынады:

* «Әзәзіл Prada киеді 2» — әйгілі хикаяның көптен күткен жалғасы. Оқиға араға 20 жыл салып өрбиді, басты кейіпкерлер Миранда мен Энди әлеуметтік желілер мен блогерлер дәуірінде өз орнын табуға тырысады.

* «Мен үшін өмір сүр» — комедиялық сарыны бар, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін жаңа қазақстандық драма.

* «Грузовички» (Жүк көліктері) — балалармен бірге тамашалауға арналған мультфильм.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтілетінін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью