Мьянмада болған жарылыстан кемінде 55 адам қаза тапты

01.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: Shwe Phee Myay

Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, қаза тапқандардың арасында 25 әйел мен 30 ер адам бар. Аумақты бақылауда ұстап отырған Таан ұлттық азаттық армиясы (TNLA) жарылысқа кен өндіру және тас карьерлерінде қолданылатын жарылғыш заттардың тұтануы себеп болғанын мәлімдеді. Ұйымның хабарлауынша, оқиға жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де болған.

Пәкістанда пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты

TNLA таратқан мәлімдемеде жарылыс салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, жарақат алғаны, сондай-ақ тұрғын үйлердің бүлінгені айтылған. Алайда оқиғаның нақты себептері туралы толық ақпарат берілген жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, алғашқы сәтте көпшілік мұны әуе шабуылы деп ойлаған. Қаза болғандардың арасында балалар да бар. Сонымен қатар жүздеген үйге зақым келген.

Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

Жарылыстан кейінгі көріністі тұрғындар үрей мен қайғыға толы жағдай ретінде сипаттайды. Көбі жақындарын іздеп, ата-аналарын шақырып жылаған. Кейбір тұрғындар жарылғыш заттар сақталған нысанның тұрғын үйлерге тым жақын орналасуына қатысты жауапты органдардан түсініктеме талап етіп отыр. 

BBC мәліметінше, Таан ұлттық азаттық армиясы – Мьянмадағы әскери билікке қарсы күресіп жүрген ең ықпалды этникалық қарулы топтардың бірі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью