Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Алматының Медеу ауданында полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орынды анықтады.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Астрахан көшесіндегі үйлердің бірінің маңынан кесілген мылтыққа айналдырып қайта жасалған ТОЗ-25 қаруы, тапаншаға ұқсас зат және әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылды.
Сондай-ақ бірнеше граната, оның ішінде жарық-дыбыс гранаталары мен қауіпті болуы мүмкін басқа да заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Қазір полиция қарудың қайдан келгенін және оған қатысы бар адамдарды анықтап жатыр.