Мынадай сұмдықты кім айтты? : Ақбота Керімбекова баласы үйден қуып шықты дегендерге өз шындығын жеткізді

25.10.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Танымал әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде тараған "ұлдары мен келіні сыйғызбай, үйден қуып шыққан" деген қауесетке нүкте қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әнші бұл ақпараттың шындыққа мүлде жанаспайтынын айтып, өз шындығын ашық жеткізді.

"Қайраан, Қазақтың баспасөзі… Бұқаралық ақпарат құралдарының атын жамылып, жүректі журналистиканың атын былғап, "бас-басына сайт болған" өңшең қиқым енді менің отбасымды “ойрандауға” кіріскен бе? Бұл не масқара? Ұлым мінез көрсеткен жоқ, келінімнен безінбедім, шығармашылық жоспарларыммен Астанаға көштім. Мынадай сұмдықты кім айтты? Жап-жаңа отбасын құрып, үлкен өмірге енді ғана тәй-тәйлап қадам басып келе жатқан жас отбасыны неге бұлай күйелейді? Өз анасын өзекке тебетін менің ұлдарым арсыз емес. Ұлын анасына қарсы қойып, айдап салатын тексіз емес менің келінім!.. Ендігі ісім - осы сайттармен!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью