Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жеке кәсіпкерлерді камералдық бақылау қорытындысы бойынша жүздеген миллиард теңгенің айырмашылығы анықталды. Сонымен қатар салық органдарынан хабарлама алғаннан кейін мыңдаған қазақстандық ЖК немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Салық қызметі аударымдарды тексеру кезінде нені анықтады?
Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында салық органдары кәсіпкерлердің мобильді аударымдары туралы мәліметтерді бақылау-кассалық машиналардың деректерімен және 910.00 нысанындағы салық есептілігімен салыстырды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша 4 қыркүйекте кәсіпкерлерге анықталған айырмашылықтар туралы 26 989 хабарлама жіберілді.
Айырмашылықтардың жалпы сомасы 459 миллиард теңгені құраған. Салық органының алдын ала есептеулеріне сәйкес, ықтимал қосымша салық міндеттемелерінің сомасы 13,7 миллиард теңгегені құрады.
"Анықталған 459 миллиард теңге көлеміндегі ауытқулар мен алдын ала есептелген 13,7 миллиард теңге салық сомасы бюджетке нақты түскен салықтардың көрсеткіші емес", - деп атап өтті ведомство.
Салық міндеттемелерінің түпкілікті сомалары кәсіпкерлер ұсынған есептілікті, олардың түсініктемелерін және бақылау іс-шараларының нәтижелерін ескере отырып айқындалатын болады.
Егер кәсіпкер анықталған айырмашылықтармен келіссе, ол салық есептілігін тапсыру арқылы оларды жоюы тиіс. Келіспеген жағдайда - түсініктемелер мен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Хабарламаны орындауға жіберілген күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күніне дейін уақыт беріледі.
Қанша қазақстандық мониторингке ілікті?МКК мобильді аударымдар мониторингінің қорытындысы бойынша қанша жеке тұлғаның салық органдарының назарына іліккенін айтты.
Ведомство мәліметінше, банктер келесі мәліметтерді берген:
2026 жылдың бірінші тоқсанында - шамамен 115 мың жеке тұлға туралы; екінші тоқсанда - шамамен 159 мың жеке тұлға туралы.Жалпы бірінші жартыжылдықта "Салық төлеушінің кабинеті" арқылы 274 мыңға жуық ақпараттық push-хабарлама жіберілген.
Бұл ретте аталған көрсеткіштер 274 мың түрлі адам мониторингке ілікті дегенді білдірмейді: бір азамат туралы мәліметтер бірнеше тоқсанда түсуі мүмкін.
МКК бұл кезеңде жеке тұлғалармен жұмыс негізінен ақпараттық-алдын алу сипатында екенін баса айтты. Хабарлама алу адамды автоматты түрде салық заңнамасын бұзушы ретінде тануды білдірмейді.
Қазақстандықтар салық хабарламаларына қалай жауап берген?Комитет ақпараттық хабарламалар таратылғаннан кейін қазақстандықтардың бір бөлігі жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелгенін немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдана бастағанын хабарлады.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мұндай азаматтардың саны 34 224 болса, екінші тоқсанда тағы 20 909 адам қосылған.
Осылайша, бірінші жартыжылдықта салық хабарламасын алғаннан кейін 55 133 адам ЖК ретінде тіркелді немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимін қолдана бастады.
Бұл ретте, бұл деректер осы азаматтардың барлығы бұрын заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан дегенді білдірмейді.
Неге салықтың түпкілікті сомасы әлі белгісіз?МКК түсіндіруінше, жеке тұлғалардың 2026 жылғы декларацияларына толыққанды камералдық бақылау тиісті салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
270.00 нысаны бойынша табыстары мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті азаматтар үшін бұл мерзім 2027 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады.
Сондықтан салық хабарламасынан кейін қанша жеке тұлғаның қосымша табысын декларациялағаны және қандай мөлшерде салық төлегені туралы түпкілікті статистика әзірге жоқ.
Ведомство ақпараттық хабарламалар азаматтарға түсімдердің сипатын өз бетінше бағалауға және негіздер болған жағдайда салық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретінін айтты.
Еске сала кетейік: Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру критерийлері өзгеріп жатыр. Аударымдар салық органдарының назарын аударуы мүмкін түсімдердің жалпы сомасы жарты миллион теңгеден аса сомаға өседі. Мұндай бұйрыққа қаржы министрі Мәди Такиев қол қойды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу