Мысырда жол көлік оқиғасы салдарынан 11 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды

11.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жергілікті қауіпсіздік органдарындағы дереккөзге сүйенсек, жол-көлік оқиғасында жүк көлігі мен пикап соғысқан. Оқиға орнына қауіпсіздік күштері мен жедел жәрдем бригадалары жетіп, жарақат алғандарды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізген.

Көлік қозғалысын қалпына келтіру үшін жолдан көліктердің сынықтары тазартылды. Апаттың нақты себептерін анықтау мақсатында алдын ала тергеу басталды.

Мысырда жыл сайын жол-көлік оқиғалары салдарынан мыңдаған адам қаза табады. Бұл көбіне жылдамдықты асыру, жол ережелерін бұзу және жолдардың нашар жағдайымен байланысты. Соңғы жылдары Мысыр билігі көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол жағдайын жақсарту үшін жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жүргізіп келеді.

Айта кесек, 8 қаңтар күні Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью