Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 26 желтоқсан - Sputnik. "Мюнхен – Бейжің" бағытына бара жатқан Lufthansa LH 0722 рейсінде жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға 26 желтоқсанда болған. Әуе кемесінің экипажы Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонған.
"Әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы жедел түрде ұшаққа жіберілді. Медицина қызметкерлері келгеннен кейін жолаушының ұшу кезінде қайтыс болғаны анықталды", - дейді Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде.
Борт Алматыда жанармай құйып, сағат 07:56-да межелі әуежайға ұшып кетті.
Көліктегі полиция департаменті марқұмның шетел азаматы болғанын айтады.
"Бұл факті бойынша Алматы қаласының әуежайында полицияның желілік бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің алдын – ала себебі-жедел жүрек жеткіліксіздігі. Кенеттен қайтыс болған адам шет мемлекеттің азаматы", - дейді полицияда.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.