Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапынан Надежда Морозова өнер көрсетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз 500 метр қашықтықта үшінші болды. Одан кейін 3000 метрде оныншы болып мәреге жетті.
1500 метрде Морозова алтыншы орын алып, 24 қатысушының ішінен үздік сегіздікке енді. Осылайша ол 5000 метр қашықтықта жарысуға мүмкіндік алды.
5000 метрде Морозова жетінші орынға тұрақтады. Нәтижесінде ол әлем чемпионатын да жетінші орынмен аяқтады (160.435 ұпай).
Алтын медальді норвегиялық Рагне Виклунд (157.457) жеңіп алды. Нидерланд спортшысы Марейке Груневауд екінші орынға ие болды (158.086). Жапониялық Михо Такаги үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, көпсайыста ең аз ұпай жинаған спортшы жеңімпаз атанады.
Бұдан бұрын Қысқы Паралимпиада ойындарында Александр Герлиц пара биатлоннан 12,5 км қашықтықты 31 минут 55 секунд уақыт аралығында бағындырып, мәре сызығын тоғызыншы болып кескенін жазған едік.