Надежда Рябец 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында Өзбекстан боксшысын жеңді

09.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Отандасымыз өзбекстандық Рухшона Парпиевамен қолғап түйістірді.

Қазақстандық боксшының басымдығы алғашқы раундтан білініп, шеберлік жағынан айқын басым болды. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Надеждаға берді.

Надежда Рябец 2000 жылы 14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2023 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегер болды. 

Енді ел құрамасынан 10-жұпта Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) үндістандық Алфия Пазанмен шаршы алаңға шығады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бақыт Сейдіш (70 келі) үндістандық Арундхати Чоудхариге есе жіберді. 

Құрлықтық додада 10 сәуірде қазақстандық бес боксшы алтын медальды сарапқа салады. Олардың қатарында ерлерде Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.

Бүгін қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шығады. Ел құрамасы финалға шыққан спортшылар саны жөнінен жалпы есепте Үндістанмен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.

Сондай-ақ Азия чемпионатында Өзбекстан - 7, Солтүстік Корея мен Қытай - 3, Тайпей, Моңғолия, Таиланд, Иордания, Жапония - 2, Тәжікстан 1 үздігіне үміт артады.

Бұған дейін Азия чемпионаты финалына қай елден қанша боксшы шыққанын жазғанбыз. 

Азия чемпионатының финалы 9-10 сәуір күндеріне белгіленген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью