Найзағай, бұршақ және 38 градус ыстық: Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

09.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

10 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжам дайындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" деректеріне сілтеме жасап.

10 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжам дайындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" деректеріне сілтеме жасап.

Ақмола облысы

10 маусымда облыста тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және солтүстікте нөсер жауын күтіледі. Кей аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Ауа температурасы: түнде +12…+17 градус, күндіз +23…+28, батыста +20 градус шамасында болады.

Астана

Күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 20 метрге дейін жетеді. Температура: түнде +13…+15 градус, күндіз +26…+28 градус.

Көкшетау

Күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Температура: түнде +13…+15 градус, күндіз +23…+25 градус.

Алматы облысы

Облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, солтүстікте, батыста және таулы аудандарда екпіні 18–23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17–22, тауда 7–12 жылы, күндіз 30–35 градус ыстық, оңтүстікте және тау бөктерінде 27 жылы, тауда күндіз 19–24 жылы болады.

Алматы

Күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 11 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 19–21, күндіз 27–29 жылы болады.

Қонаев

Күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, кей уақыттарда екпіні 18–23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18–20 жылы, күндіз 33–35 градус ыстық болады.

Іле Алатауы тауларында (Алматыдағы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары): кей уақыттарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 18–23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7–12, күндіз 19–24 жылы болады.

Жетісу облысы

Облыстың шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз шығыста және таулы аудандарда екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17–22, оңтүстікте 25 жылы, тауда түнде 12 жылы, күндіз 31–36 градус ыстық, таулы аудандарда 25 градус шамасында жылы болады.

Талдықорған

Күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17–19, күндіз 31–33 ыстық.

Түркістан облысы

Облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метре, батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17–22, тауда 13 гралус жылы, күндіз 30–35 градус ыстық, тауда 25 градус жылы болады.

Шымкент

Күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18–20, күндіз 32–34 ыстық болады.

Түркістан

Күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20–22, күндіз 33–35 ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18 градус жылы, күндіз 25-30 ыстық болады.

Орал

Күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 жылы болады.

Атырау облысы

Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15–20 градус жылы, күндіз 27–32 ыстық болады.

Атырау

Күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18–20 градус жылы, күндіз 30–32 ыстық болады.

Маңғыстау облысы

Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысы мен орталығында тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15–20 градус жылы, күндіз 25–30 градус ыстық болады.

Ақтау

Күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16–18, күндіз 26–28 жылы болады.

Ақтөбе облысы

Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста екпіні 15–18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12–17, күндіз 20–25, оңтүстікте және шығыста 29 жылыға дейін барады.

Ақтөбе

Күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13–15, күндіз 22–24 жылы.

Қостанай облысы

Мұнда жаңбыр жауып, күн күркірейді, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер жауын, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, батыста, оңтүстікте және шығыста екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12–17, күндіз 20–25, оңтүстікте 28 жылыға дейін барады.

Қостанай

Күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде 13–15, күндіз 22–24 градус жылы болады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және дауыл тұрады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соғады: түнде секундына 9–14 метр, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 15–20 м/етр, күндіз 15–20 метр, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 23–28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13–18, күндіз 20–25, шығыста 28 градусқа дейін жылы болады.

Петропавл

Мұнда күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соғады: түнде секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метр, күндіз 15–20 метр, екпіні 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15–17, күндіз 23–25 градус жылы болады.

Павлодар облысы

Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, батыста, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 16–21 градус жылы, күндіз 30–35 градус ыстық болады.

Павлодар

Күн құбылмалы бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18–20 градус жылы, күндіз 31–33 градус ыстық болады.

Қарағанды облысы

Түнде облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз батысы мен солтүстігінде де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, таңертең және күндіз батыста, солтүстікте және орталықта екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15–20 жылы, күндіз 25–30 градус ыстық болады.

Қарағанды

Мұнда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 16–18, күндіз 27–29 градус жылы болады.

Ұлытау облысы

Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, таңертең және күндіз екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15–20, күндіз 25–30, солтүстігінде 22 градус жылы болады.

Жезқазған

Күн құбылмалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, таңертең және күндіз екпіні 15–18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15–17, күндіз 25–27 градус жылы болады.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13–18 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 21 градусқа дейін жылы, күндіз 30–35 градус ыстық, облыстың шығысында 25 градус шамасында жылы болады.

Өскемен

Мұнда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде 1–6 м/с, күндіз 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 15–17 градус жылы, күндіз 32–34 градус ыстық болады.

Абай облысы

Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз оңтүстікте және орталықта екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 15–20, оңтүстікте 23 градусқа дейін жылы, күндіз 33–38 градус ыстық, батыста 29 градус шамасында жылы болады.

Семей

Күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде 1–6 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 15–17 градус жылы, күндіз 33–35 градус ыстық болады.

Қызылорда облысы

Күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, облыстың солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың солтүстігінде 13, күндіз 29-34, облыстың солтүстігінде 26 градус жылы болады.

Қызылорда

Күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 жылы, күндіз 31-33 градус ыстық болады.

Жамбыл облысы

Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде 17–22, тауларда 12 градус шамасында жылы, күндіз 30–35 градус ыстық, тауларда 25 градус жылы болады.

Тараз

Күн құбылмалы бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 18–20 градус жылы, күндіз 30–32 градус ыстық болады.

Синоптиктер Астана мен Алматыда күн күркіреп, жаңбыр жауатынын ескертті

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью