Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазгидромет 6 тамызда ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Батыс Қазақстан облысында күндіз аптап ыстық +35…+38°С болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысы мен Атырау қаласында күндіз ауа температурасы +35…+38°С-қа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында екпіні 15 м/с-қа жетеді. Шығысында, батысында және орталығында жоғары, ал солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысында күндіз +35…+36°С аптап ыстық болады. Солтүстік және солтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстігі мен орталығында жоғары, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз +35°С, жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +35…+38°С-қа дейін көтеріледі. Солтүстік-шығыс және шығыстан жел соғып, солтүстік-шығысында екпіні 15–18 м/с болады. Солтүстігінде жоғары, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз +35°С, жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Абай облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғады. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман болады. Солтүстік-батыс және солтүстіктен соққан желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігі мен орталығында жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, желдің екпіні 15–18 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, шығысында және таулы аймақтарда екпіні 18 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы +35…+36°С болады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз +35°С болады. Іле Алатауының тауларында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысында түнде шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с болады. Орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, батысында және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы +40°С-қа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында жоғары өрт қаупі бар. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында күндіз +40°С болады, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Батысында, шығысында және орталығында жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында түнде орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғып, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +38…+40°С-қа дейін көтеріледі. Батысында жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында күндіз +40°С аптап ыстық болады. Облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +35…+36°С болады. Оңтүстігі мен батысында жоғары, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз +35°С болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Ақмола облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Батысында төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.