Найзағай ойнап, жаңбыр жауады : 27 шілдеде ауа райы қандай болады

26.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" 2026 жылдың 27 шілдесіне жасалған арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін. Шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Ал оңтүстік-батыс, оңтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью