Намазхандар осылай шашып кетеді: Белгілі блогер Рүстем Жүгінісов әжетхана тазалап кетті

16.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Белгілі діндар әрі блогер Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударған видео жариялады. Онда ол қоғамдық әжетхананың ішін өз қолымен тазалап, тазалық пен әдебтілікке шақырды, - деп хабарлайды Aykin.kz.

Видеода Рүстем Жүгінісов кейбір адамдардың дәрет алу кезінде су шашып кететінін cөз етті. Соның салдарынан қоғам ішінде намаз оқитын жамағат жайлы теріс пікір қалыптастыратынын да айтты. 

"Кей жерлерде дәрет алатын уақытта мынадай етіп, суын шашып кететіндер болады. Содан кейін намаз оқымайтын кісілер 'намазхандар осылай шашып кетеді' деп жаман ойлайтын болады", — дейді ол.

Осы жағдайдан кейін Жүгінісов өзінен бұрын дәрет алып кеткен адамның орнын тазалап, ретке келтіргенін көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Rustem Zhugunussov (@zhugunussov)

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью