Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Нанкай университетіне барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Кездесу барысында қытайлық жоғары оқу орнының басшылығымен бірлескен магистрлік бағдарламаны іске асыру және одан әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Нанкай университеті экономика және халықаралық бизнес салаларында бірлескен магистрлік бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.
2026 жылы «Экономика», «Халықаралық бизнес және стратегиялық сауда бақылауы» білім беру бағдарламалары бойынша 359 магистрант білім алуда. Оның ішінде 2025 жылы оқуға түскен 179 студент оқуын екінші курста жалғастыруда, ал тағы 180 адам бағдарламалардың жаңа қатысушылары атанды.
«Бағдарлама табысты дамып келеді: магистранттардың алғашқы легі оқу жылының бірінші жылын аяқтады, ал биыл екінші қабылдауды жүзеге асырып отырмыз. Бұл – екі университеттің бірлескен жұмысының елеулі жетістігін әрі бағдарламаның сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Кездесу барысында білім беру сапасына, оқытушылар мен ғылыми жетекшілердің арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ магистранттарды диссертация жазуға және қорғауға дайындау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бірлескен жұмысымыз одан әрі жалғасып, білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін», – деп атап өтті ЕҰУ стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректорының міндетін атқарушы Абзал Талтенов.
Білім беру үдерісі халықаралық академиялық форматта жүзеге асырылады. Оқу үдерісіне ЕҰУ мен Нанькай университетінің оқытушылары мен зерттеушілері қатысады. Бұл екі елдің академиялық тәсілдері мен практикалық тәжірибесін ұштастыруға мүмкіндік береді.
ЕҰУ экономика және туризм жоғары мектебінің оқытушылары бейіндік сабақтар өткізіп, магистранттарға ғылыми жетекшілік жасайды және зерттеу жобаларын сүйемелдеуге қатысады. Мұндай формат студенттерге іргелі білім алып қана қоймай, өзекті ғылыми және қолданбалы мәселелермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер ЕҰУ дипломын алады. Ал жинақтаған білімдері мен халықаралық тәжірибесі олардың алдында кең мансаптық мүмкіндіктер ашады. Олар мемлекеттік органдарда, халықаралық және ұлттық компанияларда, қаржы секторында, логистика және экспорттық-импорттық құрылымдар мен талдау орталықтарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында және жоғары оқу орындарында жұмыс істей алады.
«Бүгін біз магистранттардың екінші легін қабылдап отырмыз. Алғашқы оқу жылында мол тәжірибе жинақтап, қандай мәселелерге ерекше назар аудару қажет екенін анықтадық. Ендігі ортақ міндетіміз – осы тәжірибені пайдалана отырып, бағдарламаны жетілдіру және магистранттарымыздың табысты білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау», – деді ЕҰУ Халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы орталығының директоры Аида Жағыпарова.