Наполеонның түйреуіші 4,4 млн долларға сатылды

14.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Женевадағы әйгілі Сотбис аукционында Наполеон Бонапартқа тиесілі гауһар тас көмкерілген түйреуіш 4,4 миллион долларға сатылды. Бұл сома бұйымның бастапқы бағасынан 17 есе қымбат. 

1810 жылы Париждегі зергерлік шеберханада жасалған әшекейге 13 караттық гауһар мен көптеген асыл тас орнатылған. Аңыз бойынша, Наполеон Ватерло шайқасынан кейін оны өзі мінген күймесінде қалдырып кеткен. Кейін әшекей Пруссияның үшінші королі Фридрих Вильгельмнің қолына өтіп, ұзақ жылдар бойы Гогенцоллерндер әулетінің мұрағатында сақталған. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью