Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі жалғасуда. Бұл жолы сотта олардың әріптестері — Дархан Жолшыбеков және Нұрбек Нұртаза (JustKing) куәгер ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды centralmedia24.kz.
Куәгерлердің жауабы негізінен блогерлер ұйымдастырған оқыту курстарының мазмұнына қатысты болды. Дархан Жолшыбеков 2024 жылы e-commerce бойынша курстарды өзі әзірлегенін айтты. Алайда Жанәбіловтердің одан кеңес сұраған-сұрамағаны туралы нақты жауап бермей: «Мен қазір ұмытып қалдым, сөйлестік. Бірақ нақты есімде жоқ, сұрады ма, жоқ па», – деді ол сотта.
Ал Нұрбек Нұртаза (JustKing) бизнеске қатысты курстардың мазмұны көп блогерде ұқсас екенін атап өтті. Оның айтуынша, Жанәбіловтердің бағдарламасын толық зерттемеген, бірақ ұқсастық шамамен 10–15% болуы мүмкін деп болжады.
Қазір айыпталушылар үй қамағында отыр;
Олардың мүлкіне арест қойылған: ішінде 10 люкс автокөлік (Lamborghini Urus, Lexus LX 600) және 17 iPhone бар;
Бұған дейін прокурор миллиард теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екенін айтқан, бірақ кейін есептеуде қателік кеткені үшін сот ескерту жасаған;
Бұрынғы жәбірленушілердің бірі сатып алған курсына қолжетімділікті жоғалтқанын мәлімдеген.
Сот тергеуі жалғасуда.
Бүгін, 14:36